Қазақстандықты 4 жыл бұрын аяусыз өлтірген ресейліктер сотталып жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Төрт ресейлік 2016 жылы Қазақстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін сотталып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Челябинск Сегодня» порталына сілтеме жасап.
Кісі өлімі Челябинск-Троицк тас жолында болған деп хабарлайды. Ол кезде Қазақстан тұрғыны Hyundai Santa Fe маркалы көлігімен Лисаковскіден Екатеринбургке қарай бара жатқан. Сапар кезінде ер адам жол апатына ұшырады, кейінірек белгілі болғандай, апат ұйымдастырылған екен.
«Мүлікті иемдену үшін айыпталушылар жәбірленушінің көлігімен жол апатын ұйымдастырып, оған шабуыл жасап, басына баллонның кілтімен соққы берді. Содан кейін олар жолдың шетінде жатқан жәбірленушінің басына мылтықтан оқ атты. Кейін шабуылдаушылар 900 мың рубль тұратын автокөлікті иемденіп, жәбірленушінің телефонын, ақшасын және басқа да жеке мүлкін алып кетті», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ер адамның мәйітін 2018 жылдың сәуірінде ғана тапты. Оның мәйітін Еманжелинск маңында тапты.
Күдіктілер қамауға алынды. Олар Челябинск облысының 1994 және 1996 жылы туған тұрғындары болып шықты. Олар Ресейдің қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу немесе пайдакүнемдік ниетпен топтық адам өлтіру, сондай-ақ тонау, бопсалау немесе бандитизм» бабы бойынша және «Жәбірленушіге ауыр дене жарақатын тигізетін қарақшылық» баптары бойынша сотталды.
stan.kz