14, 15, 16 мамыр ауа райы: Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан
Қысқа сілтеме алу
14-16 мамыр күндері республика бойынша ауа-райы құбылмалы болады. Өңірлерде күн күркіреп, жауын жауады
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазгидромет алдағы екі күнге ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Инженер-синоптиктердің айтуынша, 14-16 мамыр күндері республика бойынша ауа-райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде күн күркіреп, жауын жауады.
«Күндіз ауа температурасы 24-33-тен 15-27 градусқа дейін түседі. Кейбір жерлерде дауыл мен тұман болады, бұршақ жауады деген болжам бар», — деп хабарлады Қазгидромет.
Ірі қалалардағы ауа райы
14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында түстен кейін күн күркіреп, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 15-17 градус болса, күндіз 29-31 градус жылы.
«15 мамырда ара-тұра жаңбыр жауады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы – 13-15, күндіз – 19-21 градус жылы. Ал 16 мамырда түнде және таңертең жаңбыр болады деген болжам бар. Түнде 10-12 градус, ал күндіз 23-25 градус», — деді синоптиктер.
Алматы қаласында 14 мамырда жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 15-17 градус болса, күндіз 26-28 градус жылы болады. 15 мамырда тағы жаңбыр жауады, бұршақ түседі деген болжам бар. Күндіз 18-20 градус жылы. 16 мамырда да дәл сондай ауа-райы болады. Бірақ күндіз ауа-температурасы 24 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкент қаласында бүгін жаңбыр жауады, арасында дауыл көтеріледі. 15 мамырда жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа-температурасы 10-12 градус, күндіз 22-24 градус жылы. Ал 16 мамырда жаңбыр жауып, күн күркірейді.
sputniknews.kz