ШЫҰ саммиті қашан өтетіні белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Ресей сыртқы істер министрі көптеген іс-шараларды кейінге қалдыруға тура келгенін айтып, оларды ұйымдастыру әлі де күн тәртібінде екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті 22-23 шілде күндері Санкт-Петербургте өтеді деп күтілуде, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
«Объективті себептерге байланысты көптеген іс-шараларды кейінге қалдыруға тура келді, бірақ біз оларды ұйымдастырудан бас тартқан жоқпыз. Қазірше 9-10 маусым күні Мәскеуде сыртқы істер министрлерінің кеңесін, ал 22-23 шілде күні Санкт-Петербургте мемлекет басшыларының кездесуін өткізу келісілген», – деді министр бейнеконференция арқылы өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлер кеңесінің отырысында.
«Әрине, біз жағдайды қадағалап отырамыз және оның қалай өрбитініне байланысты өздеріңізден аталған уақыт аралығында тиісті іс-шараларды жүргізу туралы кеңес аламыз», – деп толықтырды Лавров.
Сыртқы істер министрі сонымен бірге Ресей ұйымға мүше мемлекеттердің тиісті бастамаларын ескере отырып, қауіпсіздік тетігін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындап жатқандығын атап өтті.
«Біз сәйкес мәтінді жақын арада таратамыз», – деді Лавров.
Оқи отырыңыз: Путин ШЫҰ саммиті өтетін жерді өзгертті
ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым. 2017 жылғы 9 маусымда Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) өткен ШЫҰ саммитінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау туралы шешім қабылдады.
sputniknews.kz