Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа жасалатын қазақстандық сынақтардың дәлдігін атады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық коронавирус сынақтарының сезімталдығы 40% құрайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тест

Оның айтуынша, елімізде коронавирус пандемиясымен күрес аясында бірқатар зерттеулер жүргізілуде.

Жобалардың ішінде адамның жаңа вирусқа қарсы иммунитетін зерттеу бойынша сероэпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

«Біз сондай-ақ жедел тесттердің сезімталдығына талдау жасаймыз. Қазақстанда жедел тесттер тек 40% сезімталдықты көрсетеді. 60% — бұл біздің тесттердің қателігі», — деді Ұлттық орталық директорының орынбасары.

Сондай-ақ, Сержан Айдосов Семей медициналық университеті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге мінез-құлық аспектілерін зерттеу бойынша жоба жүргізіп жатқандығын хабарлады. Карантиндік шараларға, соның ішінде психологиялық факторларға адамдардың қалай қарайтындығы жайлы.

«Әлеуметтік сауалнама болады. Барлық ғылыми жобалар билік органдарынан өтеді, ол үшін уақыт қажет. Біз ұлттық орталық ретінде нәтижені бірден көрсетуге мүдделіміз, бірақ бұл бірден нәтиже берме қоймайды, өйткені біз бұл жобаларды этикалық ережелер арқылы тексеруіміз керек», — деп нақтылады ол.

Енді қазақстандық ғалымдар вирустың адам ағзасында бар-жоғын анықтау үшін осы сынақтардың сапасын жақсартуға тырысуда.

stan.kz