«Ешкім кедергі бола алмайды»: Биыл Қазақстанда ҰБТ-ға өтініш білдіргендердің саны бойынша рекорд орнатылды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргендердің саны бойынша жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директор Дидар Смағұлов мәлім етті.
«Биыл ҰБТ тапсырушылар саны жөнінен рекорд орнатылды. 82% биылғы жылғы түлектер ҰБТ-ға тіркелді Ақырында жыл сайынғы 70% мәреден өтіп, өтініштердің жалпы саны 131 мыңға (+15 000) жетті. Қалай айтсақ та, онлайн формат көптеген артықшылықтарды береді және ең бастысы: таңдау мүмкіндігі. Оқушының таңдауына ешкім әсер етпей, ҰБТ тапсыруға кедергі бола алмады» , — деп жазыпты орталық басшысы.
Бұған қоса ол барша ата-аналарға алғысын білдірді. Сөзінше, онлайн тіркелу Қазақстанда алғаш рет болып отыр.
«Өзімнің әріптестерімді де атап өтпеске болмас: ҰТО қызметкерлерін, класс жетекшілерін, мектептердің оқу жөнінен меңгерушілерін, ЖОО мен колледждердің жауапты хатшыларын. Еш аянбастан әрбір оқушы үшін жаны ашып, көмектескен болатын: өйткені бұл олар үшін де, лайықты түрде еңсерілген, алғашқы онлайн формат еді. Көбісі қағаз түріндегі ҰБТ-ның басынан бастап келе жатқандарына қарамастан, компьютерлік технологиялар оларға қиындық туғызбады», — деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ҰБТ қашан басталатыны айтылған еді.
stan.kz