Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының дәрежелі президенті Қайрат Тұрлыханов дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Азия федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі, қоғам қайраткері Тұрлыханов 60 жасында қайтыс болды.
«Ауыр атлетика федерациясы Қайрат Болатұлының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Біз сіздердің қайғыларңызға ортақпыз», — деді федерация өкілдері.
2001-2002 жылдары Тұрлыханов Семей әкімі болды. 2006 жылы ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, 2006-2007 жылдары ҚР транспорт министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Бұған қоса ол дзюдо мен тау шаңғысы спортының шебері кандидатына ұсынылған.
Қайрат Тұрлыханов 1988 және 1992 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, балуан Дәулет Тұрлыхановтың ағасы.
Stan.kz редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!
stan.kz