«Менің қасымда есеп үшін жүрген адамдар болды»: Анар Батырхан жеке өмірі жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары
Белгілі вайнер, әнші, актриса Анар Батырхан карантинде не істеп жатыр? Жеке өмірі мен шығармашылығында нендей жаңалықтар бар? Негізгі табыс көзі қайдан келеді? Әнші осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы «Ойбай шоуда» айтылды.
Анар Батырхан көпшіліктің есінде бұзық қыздың рөлінде қалған. Комедия жанрында көп роль сомдады. Одан бөлек желіде қызықты вайндар жасады. Телеэкраннан гөрі инста парақшадан көп көрінетін Анар мұның мәнісін түсіндірді.
«Менің қазіргі табы көзім инстаграм арқылы жарнама жасау, вайн жасаудан келеді. Қазіргі карантин уақытында да үйде отырып, жарнама жасап ақша тауып жатырмын. Карантин аяқталғанша осы табыс көзім өзіме жетеді. Ал, фильмдерден неге көп бой көрсетпеймін? Себебі мен комедиядан гөрі драмалы рольде ойнағым келеді. Халық мені «жынды қыздың» рөлінде көре бермесе екен деймін. Актриса бір жақты болмау керек. Ол комедияны да, драманы да ойнау керек. Адамды күлдіре де, жылата да білу керек. Ал, бізде драмалық кино көп жоқ. Көбісі комедия түсіреді. Комедия жанрындағы фильмдердің өзін алдымен сценарийін оқып алып, ұнамаған жағдай болса бас тартамын», — деді Анар Батырхан.
Анар Батырхан жүрегін жаулаған жігіттің бар екенін айтты. Сүйіктісі бизнес саласының адамы. Қарапайым жігіт. Өз еңбегімен белгілі бір сатыға көтерілеген. Осы қасиеті үшін де Анардың жүрегін жаулағанға ұқсайды.
«Маған ресми түрде үйленуге ұсыныс жасаған жоқ. Бірақ білгілі бір мақсатымыз бар. Жасым 28-ге толады. Тұрмысқа шығатын жаста екенімді білемін. Алайда ата-анам «егер адамың кездеспесе асықпа» дегенді айтып отырады», — деді ол.
Өнерде белгілі бір жетістіке жетуге, танылуға таныс керек пе?
«Онда жағдай болады. Оны бәрі біледі. Кейде кастингтен өту үшін де таныс керек болады. Сені тіпті базадан алып тастауы мүмкін деген секілді. Роль ойнау үшін таныс керек болады. Ондай жағдай мүлде жоқ деп айта алмаймын. Менің бойымда біреуге жағыну, есеп үшін, ертең керек болады деген есеппен араласатын қасиет жоқ. Мүмкін содан болар, ешкімнің есігін қағып алдына барып көрмеппін. Содан болар көп фильмге шақырту алмай жатқаным. Бірақ керісінше мені солай пайдаланатын адамдар болды. Менің атағым үшін бірге жүретіндер болды», — деді әнші.
Анар Батырхан қарапайым отбасынан шыққан актриса. Бүгінде отбасын өзі асырап отырғанын айтады. Тұрмысқа шықпаған. Жасы 28-де. Жеке продюсері де жоқ. Директоры — өзінің әпкесі. Қарапайым адамдарды, қарапайымдылықты жақсы көреді. Алдағы уақытта Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері арасында хит болатын ән жазуды жоспарлап отыр.
Анар Батырханға бейтаныс жігіт тікелей эфирде ұсыныс жасады (видео)
stan.kz