Мейрамбек Бесбаев: Көмек сұраған үйге бардық, қасындағы көршісі шіріген бай екен, ол қайда қарап отыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев өнері мен өмірі, шығармашылықтағы жаңалықтары туралы айтты. Әнші қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерге де алаңдайды. Қазақ тілін қорлайтын қазақтарға да жаны ашиды. 

Мейрамбек Бесбаев «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасында қонақта болды. 

Мейрамбек Бесбаев өзіне көмек сұрайтын жандардың көп екенін еске алды. Жасаған қайырымдылық істерін жария ете бермейтін әнші көмекке мұқтаж болған отбасы жайлы айтып қалды. 

«Көмек сұраған бір отбасына бардық. Қасындағы көршісі коттеджде тұрады. Шіріген бай. Ауласында соңғы модельдегі көлік тұр. Сонда ол қайда қарап отыр? Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел едік қой. Бір бай кезінде бір ауылды асыраған. Бұлар қандай байлар? Қасындағы көршің нанға зар болып отырса? Құдайдан қорықпай ма?», — деп налыды ол.

Әншінің айтуынша 42500 теңге жәрдемақыға қазақтан көп таласқан ешкім жоқ.


Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен


«Бұл қазақтың жағдайы төмен деген сөз бе? Бір жағынан қазақтар жалқау болып барады. Қазақ ұлы, қазақ дана деп отыра беретін уақыт емес. Қазір жаңа ғасыр. Еңбек ету керек. Біз кім қашан береді? Жұмыс істеу үшін көкең болу керек деген түсінікте қалғанбыз. Алысқа бармай-ақ өзімді алайыншы, мен де жалқаумын. Ауылда қанша жалқау інілерім бар жұмыс істемейтін», — деді әнші. 

Бесбаевтың айтуынша, эстрада әншілерінің арасында ұжымдық ауызбіршілік жақсы қалыптасқан.

«Эстрада әншілерде ауызбіршілік барір-бірінің сөзін сөйлейді. Әншілер жиналып, бір әншінің тойында көлік беріп жатсақ, оның несі жаман мысалы? Дәстүрлі әншілерді айтпай-ақ қояйын. Олар өз ішінде төртке бөлінеді. Әншілердің құқығы қорғалмаған. Сол себепті әншілер қазір жеңіл ақша табуға бейімделіп кетті. Желі арқылы, той арқылы ақша табады. Себебі концерт жасай алмайды. Қымбат ақшамен концертке баратын халықтың жағдайы жақсы емес. Әншінің әр әні, аранжирощиктің жұмысы, сазгерді әні, құқығы қорғалмаған. Сондықтан әншілерден қадір қалмады. Егер елде әншілерге жағдай жасалса, олар да да басқаша болар еді. Мәселен, еліміздегі кафе-бар, мейрамханаларда шетелдің әні тұрады. Неге қазақ әнін қоймасқа? Өз еліңде неге өз әніңді тыңдамасқа? Осыны заң жүзінде қолға алып, әр ән үшін әншінің авторлық құқығы сақталса деймін», — деді Бесбаев.

Өнер ағасының осы ретте Димашқа айтар кеңесі бар. 

«Мен Димаштың өз репертуары болғанын қалаймын. Шетелдің әні қанша талассаң да, шетелдік болып қала береді. Витастан он есе жақсы айт, бірақ ол Витастың әні. Неге мықты сазгерлер жұмыс істеп, арнайы уақыт бөліп Димашқа жақсы қазақтың өз әнін жазбасқа? Мен осының түсіндіргім келген», — деді ол. 


Кенжебек Жанәбілов: Мені «Музартқа» ұсынған Тоқтар Серіков ағамыз болатын


«Музарт» тобының құрылғаны келесі жылы 20 жыл болады. Топ осы мақсатта жұмыс істеп жатыр. Фотоальбом тіпті, кішігірім кино түсіру де ғажап емес.

«Сахнаға бір келіп, бір кетіп, 5 жыл жүрсе өзін 15 жыл жүрдім деп көрсететін әншілер, топтар бар ғой. Ал, біз таза 20 жыл жұмыс істедік. Бізге таза 20 жыл», — деді ол.

Әнші қазақ тіліне шорқақ, екі сөздің басын қоса алмайтын шенеунік ағаларға да қынжылады. 

«Кейде жаның ашиды. Жазылған мәтінді оқи алмай тұрған қазақты көргенде ашуланасың. Бірақ ол да сенің бір қазағың», — деп қысқа қайырды. 

stan.kz