Нұр-Сұлтанның орталық даңғылы уақытша жабылады

0

Тұран даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде жол желісін орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылы бойында 20 мамырға дейін көлік қозғалысы тоқтатылды.  

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол желісін орташа жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қайта жөндейсіздер»: Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады

«10-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет», – делінген басқарма хабарламасында.

Нұр-Сұлтанда қанша жол жөнделеді

Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 километр болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100-і елді мекендерге тиесілі.

Елорданың 50 магистральды көшесіндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетіп, жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.  
2020 жылы елді мекендерде 60 километр болатын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.  

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол жұмыстарына 1,5 адам қатысып жатыр. Ал жалпы 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.



sputniknews.kz