11 мамырдан бастап карантин режимін жұмсарту туралы құжат өтірік болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі желіде таралған «карантиндік шараларды біртіндеп жұмсарту кезеңдері» деген құжатты негізсіз деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады», — деп хабарлады Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-те.
Желіде таралған құжатта карантиндік шараларды жұмсартудың үш кезеңі: «бірінші кезең 11 мамырдан бастап азық — түлік базарлары, мәдениет және спорт нысандары, екінші кезең 25 мамырдан бастап балабақшалар, бизнес-орталықтар мен кеңселер жұмыстарына рұқсат етіледі», — деп көрсетілген.
stan.kz