Tik-tok-тағы мұңды видеодан тоғыз жыл бұрын жоғалтқан әкесін тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Мұндай таңқаларлық жағдайдай туралы Қытайдың Фуцзян қаласының тұрғыны хабарлады. Ол 2011 жылы жоғалып кеткен өзінің 71 жастағы әкесін іздеген. Барлық жұмысын тастап, іздеу жұмыстарына кіріскен ол әкесі Дзямин Лоньды қанша тырысса да таба алмаған. Тек он жыл өткен соң TikTok желісіндегі видеодан өз әкесін таныған, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БЕЗДОМНЫЙ

Он жыл өткеннен кейін жігіттің әйеліне танысы таныстары TikTok желісіндегі видеодағы адам Дзяминге ұқсайтынын айтқан. Видеоны көрген жігіт әкесі екенін таныған. Видеодан әкесінің жағдайы нашарлап, үйсіз-күйсіз жүргенін көруге болады. Роликтердің авторы бір жылдан бері қарияны асырап келе жатқанын жазған. Дзяминнің ұлы бірден аккаунт иесімен байланысуға тырысқанымен, ол ешқандай хабарламаға жауап бермеді.

«Бұл менің әкем, мен оны ұзақ іздедім. Оны маңдайындағы тыртықтан таныдым. Ол солақай, және тістері түсіп қалған. Ол сауатсыз және мандаринше сөйлемейді. Ол қалғандарына қарағанда баяу ойлайды. Роликтердің авторы оқырман санын көбейту үшін әкемді пайдаланып жүр ме деп қорқамын», — дейді Лонь Дзяминнің ұлы.

Аталған видеоның астында қарияны өз отбасына қайтаруды талап етіп жазған пікірлер көп.Бірақ бұған дейін аккаунт иесі Дзяминнің балалары жоқ екенін мәлімдеген болатын. Енді зейнеткердің ұлы желі әкімшілігінен көмек сұрағысы келеді.

stan.kz