«Майданда тұрып 15 сағат ән шырқайтынмын»: Роза Бағланова сұрапыл соғысты қалай өткерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлы Жеңістің ауыртпашылығы ел есінен кетпейді. Алайда сол сұрапыл күндерде аз да болса жауынгерлерге қуаныш сыйлауға тырысқан әртістер көп болды. Солардың бірі халық әртісі Роза Бағланова апамыз еді. Жеңіс күніне орай Stan.kz редакциясының оқырмандары есімі аңызға айналған Роза Бағланованың өнерін еске алуды ұсынамыз. 

Роза

Әнші апамыз соғыс аяқталғанша майданның алдыңғы шебінде жүріп өнер көрсетті. Мәскеуге оқуға барған ол 19 жасында соғысқа аттанып, сұрапыл уақытта жауынгерлерді рухтандырып жүрді. 

Оның жүк көлігінің үстінде тұрып қойған концертте кейде бомбаның даусымен қатар майдан шебінен бір жарым шақырым жерде өтіп жатты. 

«Осылай ән айтып тұрған шағымда көзіме сынық ұшып келіп тиді. Мән бермедім. Сөйтсем қан сорғалап жатыр. Соның өзінде де ән айтып тұрдым», — дейді халық әртісі. 

1945 жылдың қарсаңында әртістер сарбаздармен бірге шабуылға шықты. Әсіресе, соғыс аяқталар шағында жауынгерлерге рухани қолдау қажет болды дейді Роза Бағланова. Ал оның «Самара городок» әні соғыс жүріп жатқан кезде айтылыпты. 

Роза

«Соғыс кезінде не істемедік десеңізші. Медбикелер тапшы болған кезде жарақат алғандарды оқ жауып тұрған майданнан құтқардық. Арқамызда — автомат, қолымызда — күртеше-палатка. Менің аяғымның өлшемі 32, бірақ соғыс кезінде ондай аяқ киімқайдан болсын, 40-43 өлшемді етіктер киіп жүрдім. Аяғымды бәтеңкем түсіп қалмауы үшін бірнеше қайтара матамен орап алатынмын», — дейді қайсар әнші. 

Роза апамыз соғыс кезіндегі сұмдық жағдайлар ешқашан естен кетпейтінін айтады. 

«1941 жылы біздің ұжым Мәскеудің маңында өнер көрсетті. КСРО астанасына кіретін жол жоқ, күніне 15-20 шақырым жол жүретінбіз. Панфиловшылар дивизиясына жеткеніміз қиын болды. Бірінші концертіміз сонда өтті. Одан кейін Солтүстік-Батыс майданында болдық. Кеше ғана сау болған ауылдың түгі қалмағанын көрдік. Өртенген жерге тұрып, зеңбіректердің даусының сүйемелдеуімен ән шырқадым.

Әніме тәнті болып, жарты сағаттан кейін оққа қарсы шығуға дайын болған сарбаздардың жымыйғанын көргенде қорқынышты ұмытып кететінмін. Олардың көбі сол күйі қайтып оралмады. Біздің әндеріміз олар үшін керемет бір әсер сыйлай алғанына өте қуанамын. Екі сағат бұрын ғана менің «Тальяночка» әніме билеп, қуанып жүрген жауынгерлің қолсыз не аяқсыз оралғанын көргенде жүрегім қанжылайтын» , — дейді әнші. 

Сөзінше, ол соғыс бітті деген хабар келгеннен кейін күніне 15 сағаттан өнер көрсеткен. 

«Мен барлық майданда болдым, Берлинге небәрі 70 шақырым жетпей қалдым. Жеңісті Мәскеуде қарсы алдым. Қуанышты хабар келіп жеткенде не болғанын көрсеңіздер ғой! Мен тұрып алып 15 сағаттан өлең айттым. Тамағымнан тамақ қалмады. Не не істеймін? Мен ән шырқамасам 26 адамдық ансабль жұмыссыз қалғалы тұр», — деп еске алады Роза Бағланова

Роза

Халық әртісі Роза Бағланова көрсеткен ерлігі үшін берілген медальдардың салмағы бір жарым килограммнан асатынын айтып қалжыңдап отыратын. Оның екеуі әрі ішіндегі ең ауыры — жауынгерлік ерлігі үшін берілген ордендер. 

«Мен мыңдаған концерт өткізген шығармын, алайда олардың арасында ең есте қалатыны майданда шырқаған әндерім. Менің өлеңдерім адамдарға өмір сыйлай алғанына қуаныштымын. Менің соғыстағы репертуарымда 500-ден астам ән болды-ау», — дейді қайсар әртіс. 

Роза Бағланова 2011 жылы  88 жасында дүние салды. Ол Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген. 

 

stan.kz