«Киімнің қалтасында кетті»: Қазақстандық әйел су басқан ауыл тұрғындарына байқаусызда 3 мың доллар ақшасын беріп жіберді (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Мақтаарал ауданында бір отбасы 3 мың доллар ақшасын байқаусызда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде беріп жіберген. Анығын айтсақ, ақша зардап шеккендерге жіберілген киімнің қалтасында кеткен.
Ерлі-зайыптылар Мақтаарал ауданындағы мұқтаж жандарға керексіз заттарды жіберген. Жүкті жөнелткен кезде олар киімнің бірінің қалтасында бірінде шамамен 3 мың доллар кеткенін есіне алады.
Жиналған ақшаларын қайтару үшін олар артынан көлік жіберді. Сәті түскенде қаражат киімнің қалтасынан табылды.
«Санап алыңыз, ертең ешқандай реніш болмасын», — деп жатты видеода. Ақша иесі қаражатты сол жерде санап, бәрінің орнында екенін айтып қуанды.
1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгет жарылды. Соның салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендер су астында қалды.
Бұл жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазақстанның оңтүстігінде 7 639 га егіс алқабы су астында қалды, оның көп бөлігі мақта егілді. Сондай-ақ, 2 мамырдан бастап 31606 тұрғын эвакуацияланғандығы айтылды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тасқыннан зардап шеккен азаматтар үшін 1000-нан астам үй салынады деп мәлімдеді.
Мемлекеттік комиссия су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңге төлеу туралы шешім қабылдады.
Зардап шеккендерге материалдық көмекті Қазақстанның басқа аймақтарының билігі, кәсіпкерлер мен меценаттар да көрсетеді.
stan.kz