Коронавирус жұқтырған тағы 80 адам анықталды
Науқастардың ең көбі – Алматы қаласында, республикада барлығы 4 502 адамда коронавирус диагнозы расталды
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 80 адам тіркелді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
«7 мамыр сағат 09:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 80 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 25, Алматыда – 28, Атырау облысында – 11, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 9, Қызылорда облысында – 1», — делінген хабарламада.
Елімізде індетке шалдыққандар саны 4 502 адамға жетті. 1408 науқас дертінен айықты, 30 адам қайтыс болды.
- Алматы – 1422,
- Нұр-Сұлтан – 853,
- Атырау облысы – 240,
- Қызылорда облысы – 223,
- Шымкент – 222,
- Батыс Қазақстан облысы – 210,
- Алматы облысы – 176,
- Қарағанды облысы – 175,
- Ақтөбе облысы – 172,
- Жамбыл облысы – 168,
- Түркістан облысы – 162,
- Павлодар облысы – 152,
- Маңғыстау облысы – 105,
- Ақмола облысы – 101,
- Қостанай облысы – 58,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 33,
- Шығыс Қазақстан облысы – 30.
sputniknews.kz