Су тасқынынан зардап шеккендерге 1000-нан астам үй салынады — Тоқаев — Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан үйлерінен айрылған ауыл тұрғындарына жаңа баспана берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасында болған апаттан кейін су тасқыны салдарынан үйлерінен айырылған азаматтар үшін Түркістан облысында мыңнан астам үй салуға кіріседі», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде.
Естеріңізге сала кетсек, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің жарылуы болды.
Апат салдарынан көршілес Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ауылдар су астында қалды. Бұл жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
stan.kz