Аляскада ірі жер сілкінісі болды

0
Аляскада ірі жер сілкінісі болды


Американдық БАҚ жер сілкінісі кезінде Аляскадағы телеарналар хабар таратуын тоқтатты деп хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Аляска штатында үш сағат ішінде шамамен 40 рет жер сілкінісі тіркелген. Тед Стивенс атындағы Анкоридж халықаралық әуежайының сілкілдеген бейне-жазбасы әлеуметтік желіде таралған.

Еске сала кетейік, АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, 7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы штаттың ең ірі қаласы Анкориджден солтүстікке қарай 13 шақырымда, жердің 43 километр терең қабатында болған. Эпицентрі Анкоридж қаласынан 13 км солтүстікке қарай орналасқан — Аляскадағы ең үлкен қала, онда шамамен 300 мың адам тұрады. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі хабарланбаған. Жер сілкінісі кесірінен көлік жолдарының беті жарылып, тас құлаған, жерде ойықтар пайда болған.

«Президент Дональд Трамп Аляскада төтенше жағдай жариялады және 30 қарашадағы апатқа қарсы мемлекет пен жергілікті күштердің күш-жігеріне қосымша федералдық көмек көрсетуді тапсырды », — деді Ақ үй.

Аляска штаты сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Ең соңғы күшті (9,2 магнитудалы) жер сілкінісі Алясканың оңтүстігінде 1964 жылы болған.