Тоқаев Мәсімов пен тағы бірқатар шенеунікке әскери және арнаулы атақ берді

Қысқа сілтеме алу
Тізімге қорғаныс министрі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шекара қызметінің басшылары да еніп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы жарлыққа қол қойды.
Қарулы күштер бас штабы басшысы — қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановқа, қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевқа, шекара қызметінің басшысы Дархан Ділмановқа, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа, тұңғыш президент атындағы ұлттық қорғаныс университетінің басшысы Сұлтан Қамалетдиновке генерал-лейтенант әскери атағы берілді.
Әділет генерал-лейтенанты әскери атағын бас әскери прокурор Дастан Сартаев алды.
Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы берілді.
sputniknews.kz