Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Зауытта жылына 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығарылады деп жоспарлануда. Өнімдер ЕАЭО елдеріне экспортталады
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысының Саран қаласында «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.
«Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника», — деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты
Сонымен қатар үкімет басшысы «Сарыарқа» АЭА-ға барып, онда «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.
sputniknews.kz