«Қазақстанға «жас көкелер» керек емес»: Саясаттанушылар биліктегі өзгерістер жайлы не дейді? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы төтенше жағдай басқарушы тараптың белсенді түрде өзгерістер жасауы үшін қолданылуда. Бұл туралы саясаттанушы Андрей Чеботарев әлеуметтік желідегі парақшасында айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, Мәулен Әшімбаевтың сенатор болуы және артынша Сенат төрағасы болып сайлануы Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделінің артуын көрсетеді. 

«Тоқаев енді Парламенттің жоғары тарапының жұмысы үшін және заң қабылдау үрдісіндегі беделі үшін алаңдамай-ақ қойса болады», — дейді Чеботарев. 

Ол Дәурен Абаевтың президент әкімшілігі төрағасының орынбасары ретінде тағайындалуы ішкі саясаттағы екі жақтың да көңілінен шығуы керек дейді. 

«Мүмкін, президент осылайша экс-министрді өзінің тобына шақырғысы келген шығар. Мемлекет басшысы тепе-теңдік қалыптастыру барысында өзінің көмекшісі болған Аида Балаеваны ақпарат министрі қылып тағайындау арқылы келесі қадамын жасады», — деп қосты Чеботарев. 

Тағы бір саясаттанушы Ғазиз Әбішев 1970 жылы туғандар тұрақты түрде шенеуніктер орнын басқанын айтады. 

70-жылдардың тумалары экономиканы басқаруға араласып, енді идеологияға көшкен сыңайлы. Олардың арасында спикер Мәулен Әшімбаев (1971 жылы туған), президент әкімішілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев (1979 жылы туған), министр Аида Балаева (1974 жылы туған), сондай-ақ басқарушы партия басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек (1974 жылы туған), президент кеңесшісі Ерлан Қарин (1976 жылы туған) және қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешов (1971 жылы туған) та бар. 

«Бұл жай ғана басқарушы буынның ауысуы емес. Олардың жасөспірім ретіндегі толқуы советтік комунизм кезеңімен тұспа-тұс келіп, еңбек жолдары тәуелсіз Қазақстан заманында басталды. Олардың көбі университет немесе тағылымдама арқылы батыстың дәрежелі білімін көрді. Үлкен буыннан бірқатар дүние үйренсе де, олар басқа адам болып қала бермек. 70-жылғылар батыстың өміріне қызыға қарайтындар емес, десек те идеологиялық тұрғыдан оны жат деп санамайды», — дейді Әбішев. 

Саясаттанушы Досым Сәтпаев басқарушы «жастар» билікке әртүрлі салалардан келіп, жеке-дара тәжірибе қалыптастырып, қарапайым жұмысшы болып көргендердің қатарынан қосылса игі еді дейді. Ел басқаруындағы өзгерістерді сипаттай келе ол саясаткерлер халықты түсінетін адамдар болғаны дұрыс екендігін айтады. 

«Мәулен Әшімбаев, Дәурен Абаев және Аида Балаеваның бір-біріне деген ұқсастығы — олар халыққа таныс адамдар. Олардың барлығы да тұңғыш президенттің кадрлық саясаты барысында келіп, Назарбаевтың айналасындағы адамдардың арқасында көтерілген тұлғалар. Олар «алдыңғы буын» секілді саясаттағы басқа адамдармен бәсекеге түсіп немес сайлау арқылы көтерілген жоқ. Олар — уақыты келген «алдыңғы буын» өкілдерінің орнын басқысы келетін адамдар. Алайда ең маңыздысы бұл емес. Олардың қандай құндылықтар жүйесін енгізетіні халық үшін басты дүние болмақ», — дейді Сатпаев. 

Айтуынша, басқару үрдісіндегі мемлекеттік қызметкерлердің қоғам үшін емес, белгілі бір тұлғаларға мүддесі үшін әрекет ету моделі әлдеқайда ескірген. 

Сатпаев билік жүйесінде топ-топқа бөліну тек шиеленіс туғызып, жүйелі түрде реформа жүргізуге кедергі келтіретінін айтады. Бұған қоса ол жас басқарушылар мұны түсінеді деген ниетте екенін жеткізді. 

 

stan.kz