облыстық полиция басшысының орынбасары коронавирус жұқтырды
Полиция қызметкері Теңіз кен орнында вахташылар арасында коронавирус тарап, толқулар болған кезде барған
АЛМАТЫ, 4 мамыр –Sputnik. Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды жергілікті «Ақ Жайық» басылымы.
Полиция департаменті бастығының орынбасары жақында Теңіз мұнай кен орнынан іссапардан оралған.
Еске сала кетсек, мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында коронавирус тарап, толқулар болды.
«Атырауға келгеннен кейін полиция қызметкері жүргізушісімен бірге COVID-19-ға тест тапсырды, нәтижесі оң болды», — деп атап өтті басылым.
Бұған дейін Атырау облысында үш полиция қызметкері инфекция жұқтырған. Олар инфекцияны коронавирус індетімен ауыратын ұсталған адамдардың бірінен жұқтырды деген болжам бар.
Тағы оқыңыз: Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
sputniknews.kz