БҚО-да Сovid-19 инфекциясын жұқтырды деп ауруханаға жатқызылған науқастар емделуден бас тартып, үйлеріне жіберуді талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі МойГород басылымына сілтеп хабарлайды.
«1 мамыр күні сағат 14: 15-те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 30-ға жуық пациенттері мекеменің ауласына шығып, үйлеріне жіберуді талап етеді. Барлығында КВИ диагнозы расталғанымен, вирустың айқын белгілері жоқ екенін алға тартып, аурухананы тастап кетуге тырысқан.
Науқастар дәрігерлердің айтқанына құлақ аспағандықтан, оқиға орнына жедел полиция қызметкерлері келген. БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 14.45-те ауруханаға жатқызылғандардың барлығы палаталарға тарады. Қоғамдық тәртіп бұзылмаған», — деді полиция мәлімдемесінде.
Қазір БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаның барлық қатысушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
stan.kz
Қаралым саны: 3