Маңғыстауда түйелер беймәлім дерттен қырылып жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында түйелер тағы да күл ауруына шалдықты. Әсіресе, Тәжен, Сыңғырлы ауылдарында мал шығыны көп. Ал арнайы ветеринарлар мал шығынны есіптеп жатырмыз дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық арнаға сілтеп хабарлайды.
Тұрғындардың сөзінше, бастапқыда түйелердің ауызқуысы, ерін мен мұрнына дейін жара қаптап кетеді. Ал ауру дендегенде жануар жем-шөп түгілі су іше алмай қиналып жатып қалады. Бейнеуліктер індетпен өз бетінше күресуге мәжбүр. Өйткені мамандар қажетті вакцинаға енді ғана тапсырыс берген.
Аудан бойынша 27 ірі-қарадан сынама алынып, күл ауруы анықталды. Індет ошақтары дезинфекцияланып, карантинге жабылған. Түйенің күл ауруы аудан көлемінде былтырдан бері өршіп тұр. Өткен жылдан бері 1000 аса түйе індетке шалдыққан.
«Аузына жара шығып, басы ісіп, қырылып жатыр. Бір үйден 5-6 бота өліп жатыр. Жараны жуып тазалап та көріп жатырмын. Бірақ одан пайда болмай тұр. Арасында жазылып кетіп жатқандары да бар», — дейді Бейнеу ауданының тұрғыны.
«Қаралмай қалған, өрісте жүріп қалған, аузына жара шығып ертерек жатып қалған түйелерден шығын бар. Ауырған түйеден жараны жұқтырған ботаны аман алып қалу өте қиын», — дейді аудандық ветеринария қызметінің директоры Нұралы Салығұлов Бейнеу.
stan.kz