Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы

0

Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы
Тақырыбы: « Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы»
Мақсаты:
1. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру;
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық : Сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі : Н.Назарбаевтың түрлі нұсқада түскен суреттері, кітаптарбұрышы, нақыл сөздер, слайдтар.
Біздің ұран: «Елбасымен біргеміз, берік біздің іргеміз!»
Түрі: тәрбие сағаты

«Білімді адамдар -21 ғасырда адамзат дамуының негізгі қорғаушы күші. Қазақстанда 21 ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет-білім, білімді ұрпақ»
Н.Ә. Назарбаев
Барысы :
Ұйымдастыру:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Орындалсын.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
1-жүрг: Құрметті оқушылар 1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1-желтоқсан мемлекет тарихының мерейі күні саналуға орын лайықты. Парламенттің бекітумен 2012 жылы 1-желтоқсан Қазақстанда алғаш рет «Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс-шараға айналуға орын бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Мәнерлеп оқу: Әйгерім
Азаптың артта қалды сан ғасыры,
Қазақтың жеті әні алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Бабасы көрмегені көрді қазақ,
Қанатын кең жаһанға керді қазақ.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын?!
1-жүрг:
Ел құрмет тұтқан, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз. Мектепте жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Әкесі Әбіш 1903 ж Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің өмірге келген. Анасы Әлжан 1910 ж Жамбыл облысы Қордай ауданының Қасық ауылындағы молданың отбасында дүниеге келді.
. Нұрсұлтанның қызметі жолы :
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық Комитетіне қарасты Жоғары Партия мектебін бітірген.
Әйгерім: 1969-1973 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметкер атқарды.
1973-1977 жылы Қарметкомбинатының партком хатшысы
1977-1979 жылы Қарағанды облысының партия комитетінің екінші хатшысы
Әділет 1979-1984 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы
1984-1989 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
1989-1991 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
Бекнұр 1991 жылы 1-желтоқсан елдің бүкілхалықтық тұңғыш Президентін сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев (98.7 пайыз) сайланды. 1991 жылы президенттік сайлау барлық қазақстандықтар үшін зор оқиға болды.
Мәрлен 1995 жылы 29-сәуір Республикасында референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 79,78 Қазақстан ПРезиденті болып сайланды.
2005 жылы 4-желтоқсанда Қазақстан Републикасының Президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаев 91.5 Президент болып сайланды.

Елбасының кітаптары , кино мен әндері
1. «Тарих толқыны»1997 жылы шыққан
2. «Бейбітшілік кіндігі » 2002 ж
3. «Сындарлы он жыл» 2002 ж
4. «Еуразия жүрегінде» 2005 ж
Киносы
1. «Балалық шақтың аспаны»
2. «Елбасы жолы»
3. Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы — жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген

Мәнерлеп оқу Нұрсұлтан
Әр сөздің астарында осы арада
Ағайын ой жіберіп жіті қараша
Тәуелсіз Қазақстан ерді ұлыға
Бір жерге барлық діннің басын қосып
Әлемнің ықпал етті тағдырына
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара
Мәнерлеп оқу Мәрлен

• Әлем бізді бұл жолы тағы мойындады.
Қазақстанда 100-ден астам мемлекет қатысатын дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін болады. Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды.
• ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады.
Н.Назарбаев
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22
қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген,ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады Осыған байланысты қарағанды облысының оқушыларының экспо-2017 халықаралық көрмесіне ғылыми жобаларын жасап соны халыққа көрсетіп жатыр.
Бейнеролик көрсету.
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме
Астана жалпы сипаттама Слайд Астана туралы
Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да ажарын сәндеткен бас сәулетшісі де мемлекет басшысы болды.. Сондықтан да Елбасы мен Елорда –егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана- тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.
Мәнерлеп оқу Әйгерім
Астана-арман қала,
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге
Жас қала –бас қала
Астана өсуде
Күн болып қарайды
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан
Астанам арайлы
Енді кезекте оқушылардың Мәнерлеп оқуына берем.
Мәрлен ,Бекнұр, Әділет, Нұрсұлтан
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Егеменді еліміздің саналы, блімді азаматы болып өсу үшін парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білімді болу.
2. Отанды сүю
3. Ана тілін, сүю құрметтеу
4. Ұлтжанды рухымыз берік болу
5. Ұлтжанды азамат болу
6. Денсаулығымыз мықты, салауатты ұрпақ болу
7. Ел болашағы берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.

Топтастыру стретегиясы
Нұрсұлтан Назарбаев
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы
2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
3. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің төрағасы
5. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
6. Қазақстан халықтары ассемблееясының төрағасы
7. «Ғасыр адамы »
8. Бейбітшілік пен қауіпсіздік жаршысы
9. Көреген саясаткер
10. Алымды да алғыр басшы

Сабақты қорытындылау
Елбасымыз басқарған ел- бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, Елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқынды дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі Елбасымыздың арқасында.
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз Елбасының сөзімен қорытындылағым келеді.
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын үшін садаға ететін осындай текті халыққа мені ұлым деп перзентім деп төбесіне көтерген халыққа арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты толыққанды тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат –қабілетімді , білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге барамын….»
Н.Ә . Назарбаев
Елбасына мықты денсаулық тілейміз, біз ол кісіге сенеміз!Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқтаймыз!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!