Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерін көлік қағып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерін көлік қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуірде Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды. “BMW” маркалы көлігінң жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, № 13 бақылау-өткізу пунктіндегі полиция қызметкерін соққан.

https://www.youtube.com/watch?v=JRY0PNldB_c

Полиция қызметкері жарақат алмады. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының ПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді. Оқиғаның басқа мән-жайлары одан әрі заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы анықталады.

stan.kz