Шатыры жоқ: Көкшетауда дауылдан зардап шеккен тұрғын үйлерді жаңбыр суы басып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Көкшетауда нөсер жаңбырдан кейін дауылдан зардап шеккен көп қабатты үйлердегі пәтерлерді су басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Дауылды жел 7 сәуірде қалада бірнеше үйдің шатырын жұлып әкеткен. Содан бері Көкшетауда жаңбыр жауса, жоғарғы қабаттағы тұрғындардың пәтерлері ылғалданады. 

Пушкин көшесіндегі №11 үйдің тұрғындары көршілерін су басып қалмау үшін түні бойы «кезекшілікке» тұрған.

«Екі бөлмеде төбе толығымен ақты. Тазиктер қойдық, олар жетпеді. Біз банкілерді, кастрөлдерді қойдық. Су түнде шамамен беске дейін ақты. Балаларым көршілерімнің пәтерінде түнеді, мен түні бойы су тасып жүгірдім. Менің үш оқушым бар, біз сабақ орындай алмаймыз», — деді Көкшетау тұрғыны Меруерт Ермекова.

Үйдің барлық жоғарғы қабаттарында осындай жағдай болған. Тұрғын үй 20 күннен бері шатырсыз тұр. Адамдар бұған дейін оларды бірнеше рет су басқанын айтты, бірақ осы жолы жаңбыр қатты жауған.

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, жедел кеңесте үйді қалпына келтіруге кірісу туралы шешім қабылданды. Жедел түрде мердігерді анықтады. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

«Бүгінгі таңда төрт үй бойынша, дәлірек айтқанда, көп зардап шеккен санаттар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаудап жатырмыз. Мердігерді анықтадық. Қазір оған материалдар сатып алуға бірнеше күн береміз және ол осы шатырларды қалпына келтіруге кіріседі», — деді Көкшетау әкімінің орынбасары Ербол Төлеуов.

Оның айтуынша, Көкшетауда дауылдан барлығы 162 үй зардап шекті. Олардың 30-ында ғана алдын ала келтірілген шығын көлемі 22 миллион теңгені құрады, қалған үйлер бойынша әлі де есептеулер жүргізіліп жатыр. Мамыр айының соңына дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр.

stan.kz