Павлодарда инсульт алған ер адам жедел жәрдем көмегін екі сағат күткен — Қазақстан жаңалықтары
Павлодар облысында 58 жастағы ер адам инсульт алып, жедел жәрдем көмегін 2 сағат күткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Белгілі болғандай, науқастың үйінің есігі жабық болған.
Жергілікті тұрғындар көршісінің есікті қағып тұрғанында жауап бермегеніне күдіктеніп, дабыл қақты. Пәтерге кіру үшін дәрігерлер мен құтқарушыларға рұқсат күтуге тура келді. Осы уақыт ішінде инсульт алған адам қансырап жатты. Көршілерінің пайымдауынша, науқас есінен танып, жылу батареясында басын соғып алған.
Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен адам тірі екенін хабарлады, бірақ ауыр жағдайда — комаға түскен.
«Осы факті бойынша Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізеді. Біз барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, пациенттің жағдайы денсаулық сақтау басқармасының жеке бақылауында», — деді ведомствода.
stan.kz