Қазақстандықтардың ТЖ кезінде мерзімі ескірген құжаттарды қолдануына рұқсат берілетін болды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда ТЖ кезінде мерзімі аяқталғанға дейін жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі өз жарамдылықтарын жоғалтпайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжілістің отырысында айтылды.
Шафкат Өтемісов елімздегі төтенше жағдай кезінде азаматтардың құжаттарының мерзімі бітіп, қиын жағдайға тап болғанын атап өтті.
«ІІМ мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Қазақстанда 99,5 мың қазақстандықтың жеке куәліктерінің, тағы 68 мың азаматтың жүргізуші куәліктерінің мерзімі ескірген. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істемеуіне байланысты құжаттарын жаңарта алмай отыр», — дейді мәжілісмен.
Ол мерзімі өткен құжаттарды қолданғаны үшін мемлекетте 7 АЕК (19 446 мың теңге) және 20 АЕК (55 560 теңге) көлімінде айыппұл бар екенін алға тартты. Сол себепті уақытша мерзімі өткен куәліктерді пайдалануға азаматтарға рұқсат беру қажет дейді ол.
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин келесі айда тағы 60 мың азаматтың құжаттары ескіреді дейді.
Заң жобасын депутаттар бір ауыздан мақұлдап, сенат талқысына жіберді.
Еске салайық, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай 11 мамырда аяқталады деп айтқан болатын.
stan.kz