Қызылорда облысында карантин жеңілдеді: аймақтағы өмір қалай өзгерді
Бүгіннен бастап бекітілген талаптар сақталған жағдайда балалар аулада серуендеп, тұрғындар қала маңындағы саяжайларына барып-қайта алады
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен өңірдегі карантин режимі жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету енгізілген: бірінші кезең 29 сәуірде; ал екіншісі кезең 4 мамырда басталады», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көпқабатты үйлердің тұрғындарына аулада серуендеуге, ал ересектермен бірге балалар ойын алаңдары мен аулаларда сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін жүруге рұқсат етілді.
Әкімдік өкілдері жеңілдетілген ремижде жүріп-тұру кезінде азаматтардың маска тағып, кем дегенде 1,5 метр қашықтықтың сақталу қажеттігін ескертеді.
Қандай кәсіпорындардың жұмысы басталды?
Бүгіннен бастап облыс орталығы – Қызылорда қаласының қоғамдық көліктері жұмыс істей бастады: таңертең сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін және кешкі 18:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 20:00-ге дейін ұзартылды. Ал кафеде әзірленген тамақты жеткізіп беру үшін 22:00-ге дейін тапсырыс беруге болады.
«Өзімен бірге жеке басын куәландыратын және саяжай учаскесіне меншік құқығын растайтын құжаттары болған жағдайда тұрғындарға демалыс және мереке күндері таңғы сағат 06:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта барып-қайтуға рұқсат етіледі. Ал көшеттер мен егуге арналған тұқымдарды қала және аудан әкімдіктері белгілеген жерлерден сатып алуға болады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: «Бұдан Құдай сақтасын»: Қызылорда облысының жаңа әкімі Маминнен көмек сұрады
Қызылорда облысында 29 сәуірден бастап ең алдымен ШОБ қызметінің мына түрлері қайта жанданды: сақтандыру және нотариалдық кеңселер, жеке медициналық қызметтер (ЛОР, стоматологиялық операциялар, офтальмология, ультрадыбыстық зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), оптика дүкендері, қызмет көрсету станциялары, автожуу, шино монтаж, шаштараз, аяқ киім дүкендері, электроника және тұрмыстық техника саудасы «тұтынушыға жеткізу» қағидаты бойынша, сонымен қатар жөндеу мен курьерлік қызметтер.
Екінші кезең 4 мамырдан бастап ауданы 500 шаршы метрден асатын бөлшек сауда орындарын, құрылыс материалдары мен сантехника, автокөлік сататын дүкендер, полиграфия, өрт және күзет құралдарына қызмет көрсету, тігін шеберханалары үшін сауда нүктелері ашылады.
sputniknews.kz