Тор құрған: өрмекші бір апта бойы адамның құлағында болды
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Зейнеткер құлағында өрмекші бар екенін білмеген. Бірнеше күн өткен соң ғана дәрігер көмегіне жүгінді
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Қытайлық дәрігерлер науқастың құлағынан өрмекші алып шықты.
Әйел Қытайдың Сычуань провинциясындағы клиникалардың бірінее барған. Дәрігерлер құлақтың қышып, ауырғанына өрмекші себеп болғанын анықтады, деп хабарлайды Unilad.
Зейнеткердің айтуынша, ол бір апта бойы өзін жайсыз сезінген. Осы уақытта өрмекші құлақта тор құрып үлгерген.
Дәрігерлер өрмекшіні тамшының көмегімен жансыздандырып, пинцетпен алып шықты.
Әйел бір апта бұрын жүзім бақшасында болғанда өрмекші құлаққа кіріп кетуі мүмкін екенін айтты.
sputniknews.kz