Шыңғысханның әскери басшылары, Ресей тарихы

0

Путин Ресейдің печенег және половецтерді жеңгенін туралы айтты

Шындығында, Ресей сол заманда болған жоқ. Печенег мен половецтер Киев Русіне өз жорықтарын жасады, олар «Ресей» деп аталатын Ресей мемлекеті пайда болғанға дейін көп бұрын болған еді. Бірақ Ресей президенті Путин Ресей көшпенділермен соғысып, жеңіске қол жеткізді деп айтты.
8 сәуірдегі конференциясында Ресей президенті Путин Ресейдің бұрын «печенег мен половецтермен», енді «коронавирустық инфекциямен» күресетінін айтты.
«Бәрі өтеді және ол өтеді. Біздің ел бірнеше рет ауыр сынақтардан өтті: печенегтерді, половецтерді Ресей бәрін жеңді. Енді коронавирустық инфекцияны жеңеміз», — деді ол.
Көшпелі печенег тайпаларының Киев Русіне шабуылдары 1036 жылдан кейін Киев маңында печенег әскерлері Киев князі Ярослав жеңген кезде тоқтады.
Ресейге половец тайпалардың шабуылдары шамамен 11 — 13 ғасырларда моңғол шапқыншылығы басталған кезде жалғасты. Жебе мен Субедейдің (Шыңғысханның әскери басшылары) жорықтары кезінде 1221 – 1224 жж. болған еді.
Ресей мемлекеті өз кезегінде 1547 жылдан бастап Ресей патшалығы, ал 1654 жылдан бастап Ресей деген атымен белгілі болды. XV ғасырда біртұтас орыс мемлекетінің орталығы болған Мәскеу князьдігі 13 ғасырдың ортасында белсенді дами бастады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты