Уақыт
Адам өзгеріске бейім емес, сондықтан да жылдам жаңа бетбұрысқа көшу біз үшін жайсыздық тудыруы мүмкін. Қазір бізде таңдау жоқ, уақыт өзі мәжбүрлеп Карантин және Дағдарыс арқылы тез шешім қабылдауды талап етуде. Не істеуге болады деп ойлайсыз?! – Екі есе жылдам қозғалу қажет!
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Қазақстан бірнеше жылдан бері цифрлық кеңістікті бағындыруда. Онлайн мемлекеттік сервистер және қызметтерге өту арқылы жеткізушілер мен тұтынушылардың өзара қарым-қатынас алгоритмі өзгеруде, смартфондар шағын банк бөлімшелері қызметін атқарып келеді.
Кейбір салалар объективті себептер бойынша кертартпалық танытуда – әлі де ірі кредиттер және ірі сауда бар жер жеке кездесуді талап етуде, сондықтан да карантин кезінде осы сала жұмысының қарқыны айтарлықтай төмендеді.
ЖЫЛДАМ. СЕНІМДІ. ТИІМДІ.
АТФБанк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнестері «Бизнестің жол картасы 2025», «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс, Қарапайым заттар экономикасы, БҰҰДБ «Жасыл» экономика бағдарламалары бойынша экономиканың басым секторларына сай келетін ШОБ кәсіпкерлеріне субсидия беру шартына электронды қол қоюға өту туралы келісімге қол қойды. Енді бұл құжаттарға электронды портал арқылы қол қойылатын болады! АТФБанк клиенттері үшін бұл нені білдіреді? – Енді ШОБ кәсіпкері банктен қаржыны өте тиімді шарттарда жылдам алатын болады.
Осы енгізілген жаңалық көмегімен АТФБанк, «Даму» қоры және қарыз алушы арасында шарттарды қарау және қол қою уақыты айтарлықтай қысқарады. Қазіргі карантин кезінде банкке келіп артық физикалық контактіге түспейсіз, ол маңызды!
СІЗДІҢ ПАЙЫЗЫҢЫЗ КІМГЕ КЕРЕК?!
Үлкен елге көп нәрсе керек! Таза ауа және таза су, табиғи азық-түлік және киім, электр қуаты және жылу, құрылыс материалдары… Осы тұтыну заттарының молшылығын, олардың жоғары сапада және түрлерінің көп болуын шағын және орта бизнес қамтамасыз етеді. «Осы қарапайым заттар экномикасына», «жасыл» қалаларға және азық-түлік қауіпсіздігіне қолдау көрсету үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және АТФБанк ШОБ үшін мемлекеттік субсидия беру бағдарламаларын іске қосты. Кәсіпкердің айналысатын қызмет саласына байланысты мемлекет «Даму» қоры арқылы өзіне АТФБанктегі кредит бойынша сіз төлеуге тиіс пайыздық мөлшерлеменің 10% дейін төлеу міндетін алады!
БОЛАШАҚТАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР
Электронды шарттарға өту – ірі банк операциялары саласындағы ірі оқиға.
Ол құжаттарды жылдам жеткізуді, курьер қызметіне жұмсалатын қаражатты үнемдеуге, құжатты өзінің компьютерінің десктобына DOCX-форматында шығару мүмкіндігіне, кез келген өңірден жүйеге қолжетімділік мүмкіндігіне және байланыс арналарын шифрлеу арқылы мәліметтер қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Тағы бір маңыздысы – қолдану өте оңай! Бұл форматты пайдалану үшін клиентте ЭЦҚ болуы керек және ол электронды құжайтайналымның арнайы жүйесіне тіркелуі қажет.
Сіздің бизнесіңіз субсидия берілетін салаға жататын болса, сіз барлық уақытта АТФБанк мамандарынан кеңес ала аласыз. Банктің кредиттік менеджерлері Қормен тығыз байланыста – олар еліміз үшін маңызды және қажетті бизнес-жобаларға субсидия алуды ресімдеу және келісімдеуге көмектесетін болады.
stan.kz