Қазақстанның шығысындағы орман өртіне балықшылар кінәлі болуы мүмкін

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Өрт шыққан күні тікұшақ бортындағылар орманда от жаққан жергілікті балықшыларды көрген, тергеу жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанның шығысында қарағай орманынан тұтанған өртке жергілікті балықшылар жаққан от себеп болуы мүмкін. Мамандар қызыл жалынның тез тарауын күннің ыстығымен және қатты желмен байланыстырып отыр. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты осындай болжам жасады.

«Күндіз Ми-2 тікұшағымен орманды аралау барысында от жаққан балықшылар көрінді. Өртке сол себеп болуы мүмкін. «Қазәуеорманкүзетінің» мәліметінше, 23 сәуірде өрт қауіптілігінің жоғары, төртінші дәрежесі белгіленді, ауа температурасы көлеңкеде 30 градус ыстықты көрсетті»,- деп хабарлайды өңірлік yk-news.kz порталы резерват әкімшілігіне сілтеме жасап.

«Семей орманы» мамандарының айтуынша, өрт қатты жел мен ыстықтан резевраттың басым бөлігін жайпаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, мамандар өртенген аумақта орманды қайта қалпына келтіру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, «Семей Орманы» резерватына қарасты «Байдәулет» орман шаруашылығы аумағынан 23 сәуірде өрт шықты.

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамның 400 адамы, 100 дана техника, соның ішінде су ағатын құрылғылары бар үш тікұшақ тартылды. Өрт ауыздықталған кезде, 25 сәуір кешке таман, төрт мың гектарға жуық алқап өртеніп кеткен болатын.



sputniknews.kz