Ресей COVID-19 жұқтырғандар бойынша Қытайды басып озды
Қысқа сілтеме алу
Қытай вирустың шарықтау шегінен өтті, қазір халық қалыпты өмірге орала бастады, деп хабарлады жергілікті билік
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik.Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 87 мыңнан асты. Соңғы тәулікте елде 6 198 адамның ауру жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлады РИА Новости.
Коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандардың жалпы саны – 794 адам.
Ресми деректерге сүйенсек ,COVID-19 ошағы саналатын Қытайда 83 мыңнан аса адамның ауру жұқтырғаны тіркелген. Сонымен қатар Хэбэй провинциясы Ухань қаласындағы ауруханадан коронавирус табылған науқастың барлығы жазылып шықты.
Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Кейінірек бұл ауру коронавирусының жаңа түрі COVID-19 екені белгілі болды. 2020 жылдың наурызында вирус әлемнің барлық еліне тарады.
ДДҰ коронавирусты пандемия деп атады. Қазірге дейін әлемде 2,9 миллион адамның ауру жұқтырғаны тіркелді, 206 мыңнан аса адам қайтыс болды.
sputniknews.kz