Тоқаев халық арасында жиі айтылып жүрген қауесеттер жайлы пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты айтылып жүрген бос әңгімелерге сене бермеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын. Әрине, мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар бар, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқаруда. Кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз», — деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол халықты бірігіп, ауруға қарсы ат салысыуға шақырды

Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін. Халқымыз   «Береке басы – бірлікте» дейді. Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!» — деп аяқтады сөзін Тоқаев. 

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай 11 мамырда аяқталатынын жариялаған болатын. 


stan.kz