Коронавирус жұқтырғандар саны 2791 адамға жетті

0

Республиканың төрт өңірінде індетке шалдыққан тағы он бір адам тіркеліп отыр, барлығы 2791 адамда коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы он бір адамнан вирус табылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«27 сəуір сағат 13:30-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам тіркелді, оның ішінде Шымкентте – 4, Түркістан облысында – 2, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 2», -делінген хабарламада.

Осылайша елімізде коронавирус 2791 адамда расталды. 682 адам емделіп шықты, жиырма бесі қайтыс болды.

  • Алматы – 848,
  • Нұр-Сұлтан – 529,
  • Қызылорда облысы – 182,
  • Шымкент  – 175,
  • Қарағанды облысы – 128,
  • Батыс Қазақстан облысы – 122,
  • Атырау облысы – 123,
  • Түркістан облысы – 111,
  • Павлодар облысы – 105,
  • Жамбыл облысы – 105,
  • Алматы облысы – 97,
  • Ақмола облысы – 93
  • Ақтөбе облысы – 57,
  • Қостанай облысы – 43,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Маңғыстау облысы – 27,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16.



sputniknews.kz