Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттай түсті
Қысқа сілтеме алу
Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 21,64 долларға, ал шілде айындағы бағасы 25.04 долларға дейін өсті
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Сауда-саттық мәліметтері Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы бағасы жеткізумен барреліне 25 доллардан асқанын көрсетті.
«Нұр Сұлтан уақытымен сағат 5.54-те шілде айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,93%-тен 25,04 долларға дейін өсті», – деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайға маусымдық фьючерстердің бағасы барреліне 21,64 долларды құрайды.
Ал WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы бағасы 1,42%-ке төмендеп, 16,70 долларды құрады.
Мұнай бағасы қалай өзгерді
Әлемдік нарықта мұнай бағасы наурыз айының басында коронавирус пандемиясына байланысты сұраныстың төмендеуінн және ОПЕК + қатысушылары өндірісті қысқарту туралы ортақ мәмілеге келе алмағандықтан құлдырады. Нәтижесінде, баға белгілеулері екі еседен аса төмендеп кетті.
Оқи отырыңыз: Жазға қарай мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін – экономист
Осыдан кейін ОПЕК + елдері жаңа келісім бекітті. Оған сәйкес мамыр мен маусым айында мұнай өндіру тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жартыжылдықта – 7,7 миллионға, ал 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге азайту жоспарланған.
sputniknews.kz