Коронавирустан «көз жұмған» әйел бір айдан кейін оянып кетті — Қазақстан жаңалықтары
Эквадорда дәрігерлер 74 жастағы әйелді коронавирустан көз жұмды деп жариялаған. Алайда бір апта өткен соң кейуана оянып кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жергілікті El Comercio басылымы жазыпты.
27 наурыз күні 74 жастағы Альба Марури Гранданың жағдайы нашарлап кеткен. Оның дене қызуы 42 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алуы қиындапты. Ауруханаға жеткізілген ол комаға түседі. Сол күні кешке таман дәрігерлер оны көз жұмды деп жариялаған.
Медициналық қызметкерлердің қателігінің себебінен марқұм болды деген әйелдің отбасына басқа адамның денесі табысталыпты. Ал Гранданың өзі болса ессіз күйі бір ай бойы ауруханада жатқан. Оның жақындары белгісіз адамның денесін өртеп, оның күлін елдегі ТЖ режиміне байланысты көме алмай отырған.
Ең қызығы, 24 сәуір күні Гранда оянып кетіп, медбикеге өзінің туыстарының нөмірін хабарлаған. Жақын арада ол ауруханадан шығарылатын көрінеді.
Өз кезегінде дәрігерлер қателіктерін мойындап, отбасыдан кешірім сұрапты. Алайда Граданың жақындары аурухананы сотқа береміз дейді.
stan.kz