өлеңдер, тақпақ, жеңіс күні, жеңіске 75 жыл

0

Жеңіс күні

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата — бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата — бабам намыс бермей айқасқан

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 — 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.

Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы,
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің
5 а сынып оқушысы Өтеген Азамат Сатханұлы