Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы теориялық негiздер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .3
І Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы теориялық
негiздер
1. Дарындылық- қазiргi бiлiмнiң өзектi мәселесi
… … … … … … … … … … .7
1.2 Дарындылықты дамытудың психолого-педагогикалық негiзi және оқушының
тұлға ретiнде қалыптасуының маңыздылығы … … … … … … … …13
1.3 Дарынды балаларды ашу жұмыстарындағы теориялық және қолданбалы
аспектiлер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … ..20
1.4 Дарынды балаларды оқытуға арналған негiзгi
амалдар … … … … … … 25
1.5 Қарағанды қаласының мектептерiнiң бастауыш сынып дарынды
оқушыларын дамыту жұмыстарына талдау
… … … … … … … … … … … … … ..
ІІ Қосымша бiлiм беру жағдайындағы дарынды балалар мен
педагогикалық жұмыстың
жүйесi … … … … … … … … … … … … … … … … 29
2.1 Қосымша бiлiм беру жағдайындағы дарынды балалармен
жұмыстың
ерекшелiктерi … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … 29
2.2 Дарынды балалармен қосымша бiлiм беру педагогикалық
жұмыстарда жеке- бағыттағы
техналогиялар … … … … … … … … … … … . … .36
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … .51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
… … … … … … … … … … … … … … … … … 54
Кiрiспе
Тақырыбының өзектiлiгi. 2005-2010 жылдарындағы Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк бiлiмдi дамыту бағдарламасының ең бiр маңызды мақсатының
бiрi – дарынды және талантты балаларды табу, оқыту, дамыту жүйесiн құру .
Дарынды балалармен жұмыстың өзектiлiгi бiрнеше жағдайлармен
байланысты: қоғамның адами қасиеттердiң даму қорының негiзi
екендiгiнiң түсiнiп мойындауында, адамға мағлұмат пен эмоцианың
ауыртпашылығының көбеюi, өмiр қозғалысының ұлғаюы, қоғамның адамның
кәсiбилiгiне деген сұранысы, яғни оның жоғары бiлiмдi , белсендi, қоғами
жауапкершiлiгi мол, жоғары интеллекттi болыуына және т.б. Осындай
жеке адамға тән қасиеттердiң жиынтығын дамыту дарынды балалармен жұмыс
iстеуде психология, педагогика салаларында ерекше орынды алуда. ҚР – ның
бiлiм жүйесi соңғы жылдарда өзгерiстерге ұшырауда бiрақ сонымен қатар
мектеп көпшiлiкке арналғандықтан, тәрбие әрi оқыту жүйесiнде баланың
ерекшелiктерi ескерiлмей отыр. Бiздiң есебiмiз бойынша оқытушылардың
62,3% ата-аналардың 68,6% мектептi терең қиындылықта, оның жүйесiн
түбiрiмен өзгерту қажет деп санауда. Ата- ананың 71,5% мектепте
бiрiншi орында оқушыға деген көзқарасты жөндеу қажет десе, тек
16,2% оқытушылардың ойынша кйiнгi жылдардағы оқыту жүйелерiнiң
өзгертулерi (бала дамуының) дұрыстығын айтады. Бұл жағдайда дарынды
балалармен жұмыс iстеу жайында әнгiменi қозғау орынсыз болып тұр.
Қазiргi таңға осы жағдайларға байланысты жиналып қалған мынадай қарама-
қайшылықтарды байқауға болады: -қоғамның жеке адамға деген
сұранысының күннен-күнге ұлғайғанымен, оған осы туындаған
проблемаларды шешетiн бiлiм жүйесiнiң дайын еместiгiнде: мектептегi
оқыту проблемасының жүйесiнiң ұжымдық және оқудың жеке-жеке болып
ұйымдастырылуында:
— бала дамуына (ересек) мәдениеттiң ықпалы;
— ата-ананың үмiтi мен педагогика көрсеткiштерiнiң қорытындысымен. Бұл
туындаған қарама-қайшылықтарды жоюға тек мектептiң бiрғана күшi
әлсiз, сондықтан да, оған арнайы бағдарлама қажет және қосымша жалпы
бiлiм жүйесi қажет.
Кейiнгi жылдары Дарынды балалар концепциясын ойлап немесе құрған.
Онда дарынды балалармен жұмыс iстеудегi әдiстердi, проблемаларды шешу
стратегияларды жазылған. Алайда ,қосымша бiлiм беру жүйесi толық
зерттелмеген күйiнде қала бермек. Ол қосымша оқыту жүйесiндегi
дарынды балалармен жұмыс iстеудiң психоло-педагогикалық мақсаты,
өзiндiлiк ерекшелiктерi: дарынды балаларға баға беру әдiстерi; арнайы
балалардың бiлiм деңгейiне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар
деген сияқты сұрақтарға жауаптар мен шешу жолдары анықталмаған.
Мысал ретiнде, дарынды сынып оқушысының теориялық үлгiсi келтiремiз
( кесте 1) .
Зерттеу нысанасы: жалпы орта білім беретін ауыл мектептеріндегі оқу тәрбие
үдерісі.
Зерттеу пәні: Ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамыту.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын
дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамытудың теориялық
негіздерін айқындау.
2. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығын дамытудың бүгінгі
жағдайы мен өзіндік ерекшеліктерін психологиялық- педагогикалық
тұрғыда айқындау.
3. Қазіргі ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамытудың
моделі, өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздеу.
4. Қазіргі ауыл мектептері бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын
дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және оның
тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ауыл мектептерінде оқушылардың
дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары, оқушылардың танымдық
мүмкіндіктері мен мақсатты оқу қызметін жетілдіруге бағытталған арнайы
жұмыс формалары тиімді пайдаланылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай жан-
жақты дамыған, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын өзіндік рефлексия мен
жаңашылдыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндіктер арта түседі.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын
дамытатын арнайы жұмыстар үздіксіз, мақсатқа сәйкес жүргізіліп, біртұтас
педагогикалық процесте тұлғалық құндылық бағдар ретінде танылуы қоғамның
рухани — интеллектуалдық талаптарын қанағаттандырады.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге
теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, ауыл мектептерінің
оқу үдерісін бақылау, педагогикалық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу,
тестілеу, әңгіме, және оны талдау, эксперимент нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаның іс-әрекет
рөлі туралы философиялық тұжырымдама, жеке тұлғаны дамыту теориясы,
психология ғылымының жеке адамның танымдық іс-әрекеті теориясы,
қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, жеке тұлғалық бағдарлы оқыту
теориясы, құндылық теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы,
мәдениет теориясы, оқыту мен теорияны сабақтастыру туралы қағидалар.
Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық,
психологиялық — педагогикалық, зерттеулер, ресми құжаттар, арнайы
бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар,
мерзімдік ғылыми-әдістемелік ақпараттар, мектептердің іс-тәжірибе
жұмыстары, озат педагогикалық идеялар, автордың жеке педагогикалық іс-
тәжірибесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1. Ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
анықталды.
2. Қазіргі ауыл мектептерінде оқушыларының дарындылығын дамытудың
құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері
айқындалды.
3. Оқу үдерісінде оқушылардың дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары
анықталынып, нәтижелері дәйектелді.
4. Қазіргі ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамытудың әдістемесі
жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
— Ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамыту әдістемесі ұсынылды;
— оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты мектеп мұғалімдеріне
арналған арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік құрал дайындалды;
— оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар,
ұсыныстар жасалды;
— зерттеу нәтижелерін қазіргі ауыл мектептерінде, педагогикалық оқу
орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау
институттарында пайдалану маңызды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1. Оқушыларының дарындылығын дамытудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқушыларының дарындылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып,
өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
3. Оқу үдерісінде оқушылардың дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары
анықталынып, нәтижелері дәйектелді.
4. Оқушыларының дарындылығын дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі
сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
— Оқушыларының дарындылығын дамыту әдістемесі ұсынылды;
— Оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты мектеп мұғалімдеріне
арналған арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік құрал дайындалды;
— оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар,
ұсыныстар жасалды;
— зерттеу нәтижелерін қазіргі ауыл мектептерінде, педагогикалық оқу
орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау
институттарында пайдалану маңызды.
І Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы теориялық
негiздер.
1. . Дарындылық- қазiргi бiлiмнiң өзектi мәселесi .
Дамыған елдер соңғы 10 жылдарда көңiлдерiн ең маңызды стратегиялық қорға
бөлуде, яғни творчествалық және интеллектуалдық, потенциалдық бiрiгiуiне
1994 жылы Европа советi дарынды балалармен жұмыс iстеуде №1248 қаулы
шығарған.Онда былай делiнген : Ешбiр жан қандай да болмасын ел
таланттарын жоюға құқықтары жоқ, ал қазiргi бiлiм саласында сол
таланттардың (тауып алу әдiстерiнiң болмауы) интеллект және де
басқа қасиеттерiн дамыта алмаулары адами қорды жоюы.Қазiргi бiлiм
жүйесiнде дарынды балаларға өздерiнiң мүмкiндiктерi өзiнiң және қоғам
қажеттiлiктерiне жұмсауға жағдайлар қарастырылуы қажет. Қазақстандағы
көпжылдық қиын жағдайлардың салдарынан, қарапайым халықтың бiлiм және
интеллект деңгейлерiнiң күрт төмен деуiне және ата-аналар мен
оқытушылардың дарынды балалардың мүмкiндiктерiн ашып, әрi қарай дамыту
қызығушылықтарына да әсерiн тигiзген. Осындай жағдай туындағанда дарынды
балалардың қасиеттерiн ашу, социализациялау , көмектесу — жалпы үкiмет
пен қоғамның ең алғашқы мақсаты болмақ [1]. Дарынды балалардың
мүмкiндiктерiн ашу және дамыту жолдарындағы проблемаларды жою жолдары
дарынды балалар бағдарламасының мақсаты болды,ал ол елбасының
Қазақстан балалары бағдарламасының негiзгi құралы болатын [3:4]. Бiр
айта кететiн жағдай, осы бағдарламаларды iске асыру жұмыстары
үкiмет, қоғам және азаматтардың сұраныстарына жауабы. Дарындылық проблемасы
жүйелi,себебi онда жеке адамның, қоғамның және әр-түрлi ғылыми салалар
мен бiрге үкiметтiң де қызығушылықтары бiрдей [5, 87б ]. Дарынды
балалармен жұмыс iстеудегi қиындылық пен ерекшелiктерiне қарай, әр түрлi
салалардағы педагогтар, психологтар, соцологтар, өндiрiс iс-тәжиребелерi,
өнер және спорт саласындағы менеджерлер қажет[6, 5 б].
Дарынды балалардың проблемасын ашу,оқыту және одан әрi дамытудағы
ғылыми және ғылыми-методикалық жүйелер қажет. Осының салдарынан Дарынды
балалар бағдарламасында ең маңызды мақсаттарының бiрi оның теориялық
және ғылыми әдiстердiң толық қамтамасыздандырылуы алға қойылған.
Психологиялық тұрғыдан қарасақ (дарындылық )бұл қиын объект,онда
эмоциональдық, баланың еркiн iс-қимылдары, себеп-салдар психофизиологиялық
және адамның басқа да психологиялық сезiмдерi тығыз байланысқан.
Д.Б.Богоявленскаяның айтуынша, дарынды балалармен жұмыс iстеуде эмпирикалық
жүйе аздық етедi. Бұл жүйеде психологиялық және педогогикалық
қиындықтар үнемi туындап отырады. Олар дарындылықтың әр-қилы түрiмен
көптеген қарама-қайшы теоралық жүйемен әдiстерге қазiргi бiлiм саласының
вариативтiлiгi және дарынды балалардың әр-түрлiлiгiне байланысты
дайындалған мамандардың аздылығында [19]. Үкiметке қоғамда, бiлiм
саласында дарындылық проблемасының маңыздылығын есептей келе, олардың
бiлiм мекемелердегi ролiн жоғарлатуы қажет, себебi жұмыс субъектiлерi
болып тек ата-аналар,тәрбиешi, оқытыушылар, психологтар, кәсiби мамандар
ғана, емес оларға жауапты әрi заңды тұлғалар. Көптеген басылымдарда дарынды
балалармен жұмыс iстеу жолдары жүйелi түрде болуының қажеттiлiгi айтылуда.
Олар интеллектуалдылықты жою шарттары[21,3б].
-Халықтың әлидерлiк топтардың құруға жақдай жасауы [21,3б].
-Жаңа сапалы бiлiм шарттарымен қамтамасыздандыру, адам мен ұжымның
творчестволық мүмкiндiктерiнiң жаңа әдiстерiнiң дамуы.
-Аумақтағы бiлiмнiң көлемiн үлкейту және белгiлi бiр жердегi
арнайы шарттармен дарынды балалардың жұмыстарын қамтамасыздандыру [642б]
Осы жоғарыда аталған жүйелердiң iс-жүзiне асуы ҚР-ның ғалымдарының iс-
тәжiрибелерiнiң көбеюi, психологиялық дайындықтардың арттыруы, ресурстық
базаның пайда болуымен тiкелей байланысты. Осы жоғарыда аталған
жүйелердiң iс-жүзiне асуы ҚР-ның Қалымдарының, iс- тәжiрибелерiнiң көбеюi,
психологиялық дайындықтардың арттыруы, ресурстық базаның пайда болумен
тiкелей байланысты. Бiлiм өндiрiсi мен көптеген әдебиеттерге сүйене
келе, қазiргi уақытқа дейiн дарынды балалармен жұмыс iстеуде белгiлi бiр
жетiстiктерге қол жеткiзгенiмiз бар ,олар ; өндiрiс пен көптеген
әдебиеттерге сүйене келе, қазiргi уақытқа дейiн дарынды балалармен
жұмыс iстеуде белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiзгенiмi бар олар: Жалпы
бiлiм берушi мекемелердiң жаңа түрлерiнiң ашылу -ғалымдар ассоциациялары
дарынды балалармен жұмыс iстейтiн көптеген iс-тәжиребелер жасады. Дарынды
балалардың проблемаларына байланысты көптеген методикалық мектептер
жиналыстар, арнайы семинарлар өткiзiлуде.
— Бiлiм саласындағы мамандардың кәсiби шеберлiктерi көптеген методика лық
жарыстарға қатысумен арттырылуда ;
— Дарынды балалардың проблемаларына байланысты көптеген методикалық
мектептер, жиналыстар, арнайы семинарлар өткiзiлуде.
— Бiлiм саласындағы мамандардың кәсiби шеберлiктерi көптеген методикалық
жарыстарға қатысумен арттырылуда ;
— Заман талабына сай құрал-саймандармен жабдықталуының арқасында,
материалдық базалар толықтыруда ( компьютерлер, ПЭВМ, аудиовидеотехника,
спутник антендер
— Жалпы бiлiм беру жүйесiнде жаңадан дәстүрлi емес қоғамдық жұмыстардың көп
түрлерi пайда болуда (дөнгелек стөлдер, эвристикалық сайыстар, пед- қ
фестивалдар және т,б ).
Сонымен қатар, ең басты дарынды балалар мен жеткiншiктердiң оқыту жүйесiн
жүргiзу проблемасы шешiлмеген. Ғалымдар осы мәселеге байланысты 2 көзқарас
бiлдiруде.
Бiрiншiсiнде дарынды балаларға оқыту жүйесi арнайы мектептерде және арнайы
педагогтар мен психологтар жүргiзсе, екiншi көзқараста дарынды балалар
өздерiнiң қатарларымен орта мектептерде,бiрақ арнайы дайындалған
бағдарламалармен оқытылулары тиiс деп айтуда. Н.Б. Шумакова өз елiмiздiң
және шет елдерiнiң дарынды балалар оқыту жүйелерi зерiттей келе, дарынды
балалардың оқыту жүиесiнiң бөлек проблема еместiгiн айтты. Оның дер кезiнде
ашылмауына үлкендер жауапты, не оған жағдай жасамаған,не өздерiнiң оқыту
әдiстерiн қолданбаған. Сондықтанда кез келген бiлiм мекемелерiн
творчестволық ортаны дамытуға басты назарды аудару қажет. Басқаша айтқанда,
бiлiм институтына 2 көзқараста өте маңызды. Жалпы бiлiм беру мектептерi мен
басқа бiлiм мекемелелерiнде адекваттық дарынды балаларды жетiлдiруде
жағдайлар жасалуы қажет. Осы шарттардың бiреуi болып уақытылы бала
дарындылығын табу болып тұр. Ол психологилық және психолого-дидактикалық
әдiстер арқылы табылады.
Екiншi маңызды шарттың бiрi болып әр түрлi денгейдегi дарынды бала
теориялық және iс-жүзiнiнде жұмыстарға вариативтiк оқыту материал дарын
дайындау болып табылады. Дарындылықтың әртүрлiлiгiне есепке ала отырып, әр
баламен жұмыс iстегенде тәсiлдердi дұрыс таңдау өте маңызды. Ол
дарындылықтың қандай деңгейiмен жұмыс iстеуiнде.
— Дарынды балалармен жұмыс iстегенде қандай мақсаттарды көздейсiң.
— Дарынды балалардың жоғары алғырлығын не керiсiнше қажет бiлiм
денгейiн арттыру. Осы жағдайда педагог, психолог, медицина және
әлеуметтiк қызметкерлер мен ата-аналардың ортақтасуы мен дарынды
балалардың бiлiм деңгейiне баға берiлуi қажет.М.А. Холоднаяның айтуынша,
балалардың дарындылығын ашу тәсiлдерi, мамандардың дарындылық
көзқарасына қандай екендiлiгiнде. Сондықтан, эерттеушiнiң ойынша ең бiрiншi
баға беру жұмысының теориялық негiзiн анықтау қажет. Қорыта келе, дарынды
балаларға тәсiлдердi құру, бiлiм деңгейiне қарай баға беру бұл-
дарындылықтың тағы да бiр проблемасы болып тұр. М. А. Холоднаяның
психодиагностикалық мониториктi анықтауда бiрнеше ұсыныстары болып тұр;
— Баға беру жүйесiнiң ұзақтығының арқасында дарындылықтың пайда
болуының жылдамдығын анықтау:
— Жеке баланың дарындылығының деңгейiне қарай көптеген зерттеу жұмыстарын
жүргiзу;
— Баланың икемiне қарай мiнезiн анықтау;
— Белгiлi бiр оқушының пәндiк және бiлiм беру жүйесiнде,бөлек
психологиялық ерекшелiгiне қарай стратегия ойлап тауып,оған баға беру;
— Баламен қарым-қатынас жұмысының диалогтық мiнездемесiне баға беру:
— Балаға баға беру жұмыстары нақты өмiр кезеңдерiнде болуы қажет;
-Пәндiк жағдайларды қолдану салдарынан баланың қабiлеттiлiгiн
анықтау. Бiр айта кететiнiмiз,осы бағытта өзiмiздiң және шетелдерiнiң
бiрталай мамандары жұмыс iстеуде. Мысал ретiнде, Д.Б.Богоявленскаяның
Креативтiк тәсiлдер жҰйесi,Ю.Д.Бабаеваның Психодиагностикалық
тренингтiк тәсiлдерi, В.Н.Дружининнiң Белгiлi бiр жағдайдағы дәстүрлi
тесттердi қолдану тәсiлi,Дж.Рензуллидiң Амал-тәсiлдердi таңдау жүйесi,
Милгрэм мен Гонгтың Мектентен тыс уақыттағы творчестволық белсендiлiк
ролiн есептеу еңбектерi. Негiзiнде баға беру проблемасы екi деңгейде
қарастырылады: концептуалды және методикалық. Педагогикалық iс-тәжiрибеде
бiрiншi концепцияға сүйене отырып, методиканы анықтап тауып,одан iс-
тәжiрибешi психологтар мұғалiмге зерттелген қорытындыларын
айтады.Сонымен, баға беру жүйесi iс жүзiнде қарағанда өз алдына қағида
екен. Ю. Д. Бабаеваның және В. И. Панованың айтуларына қарағанда,
дарындылықты қандай көлемде көретiнiмiзге жетiк мән беруiмiз
керек, себебi авторлардың айтуларынша, оқыту бағытының өзiндiлiгi,
оқушылардың тану ерекшелiктерi, бiр-бiрiнен ойлау қабiлеттерiнiң
ерекшеленуi ой өрiсi деңгейi, ми қабiлетiнiң көлемi, мағлұматтарды
қабылдау,оқыту жылдамдылығы осы жүйелерге тiкелей байланысты. Сонымен,
дарынды балаларды iздеп тауып,олармен жұмыс iстеу-ғылым мен бiлiм
жүйесiнiң проблемасы. Қазiргi кезде, өз елiмiздiң және шетел
психолого-педагогикалық әдебиеттерде бала жастың тұлға ретiнде
қалыптасу концепциялары көптеп келтiрiлген. (Л.И.Божович,
П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.Е.Мухина, Л.И.Новикова,
Д.Б.Эльконин және А.Адлер, А.Маслоу. Ж.Пиаж, К.Роджерс. А және
З.Фрейд, Э.Ф.Ромм, Г.Юнг же т.б.). Көптеген психолого- педагогикалық
зерттеулерде дарынды балалардың мынадай даму ерекшелiктерi байқалған:
-материалдарды оғай түсiнiп, оңай оқиды;
-зейiн деңгейлерi жоғары және сөз қоры өте бай ,үлкен;
-жаттап алудан гөрi сайысқа, жарысқа бейiмдiрек.
-басқа оқушыларға қарағанда алғыр және тапқырлау болып келедi.
Бiрақ барлық мектептерде дарынды балаларға адамгершiлiк тәрбиесiн, дене
шынықтыру мүмкiндiктерiн дамыту үшiн барлық қолайлы жағдайлар
жасалын баған. В.Г.Бориковтың айтуынша, [30,10-30б] осы проблемалардың
шешуi мұғалiмдердiң бiлiм дәрежесiн жетiлдiруде және арнайы курстардың
ашылуында. Осындай курстардың арқасында мамандардың өздерiнiң дарынды
балаларға қолданылатын жаңаша әдiс-тәсiлдерi, амалдарды үйренiп, iс
жүзiне асыруына ықпал бередi. Актуальды проблемалардың ең бастысы
ата-аналармен қарым-қатынас. И.В.Калиттiң айтуынша Қазiргi кезде
әсiресе үлкен қалаларда ата-аналар өз балаларының психолого —
педагогикалық ынталарына аз көңiл бөледi, ал ауылды жерлерде тiптi
балаларының дарынды, не дарынды еместiгiне мүлдем көңiл аударылмайды.
Сондықтанда осы дарынды балаларды табу және дамыту проблемасының шешiмi
Балалар құқығын қорғау жүйесiнде жүзеге асырылып құрылуы қажет.
Сонымен, балалардың дарындылық проблемасының жүйелiлiгi көптеген
факторларға байланысты, оның шешiмi ұйымдастырушылық, мамандырылған
ғылыми — методикалық, материалды — техникалық шамаларға, қаржылай
шарттарға тиесiлi. К. А. Абишев пен Ж. М. Абдильдиннiң ұсыныстары
бойынша, қазiргi таңда, адамдардың қажеттiлiктерiн ескере отырып
актуальды проблемалардың тағы бiреуi — жаңаша ойлау қабiлетiн дамыту.
Философиялық еңбектердi зерттей келе дарынды балалардың дамуына
факторлар әсер етуде: ұрыққуалаушылық, тәрбие және орта. Сонымен
қатар дарынды балалар жұмыс атқарғанда тәрбиелiк мәнi бар сапалы
жұмыстар аса қажет. Дарынды балаларды дамыту жүйесiнiң жүзеге асыру
жолдарын ары қарай психология және педагогика салаларында қажет етедi.
1.2 Дарындылықты дамытудың психолого-педагогикалық негiзi және оқушының
тұлға ретiнде қалыптасуының маңыздылығы.
Дарынды сөзi 200 жыл iшiнде бiрнеше рет өзгертулерден өттi.
Ағылшын антропологы Ф.Гальтон: Таланттың ұрыққуалаушылығы, Заңдар мен
оның салдары атты кiтабында былай дейдi: дарындылық қабiлеттiлiгi ,
адамның түрiнiң ұқсастығы сияқты ұрық арқылы келедi. Дәлел
ретiнде атақты адамдардың 300 отбасының 977-не жүргiзген
зерттеулерiнiң айғақтарын келтiрген. Зерттеулерiнiң ең жоғарғы
жетiстiгiнiң алғашқысы — ұрпақтан-ұрпаққа биологиялық жолмен берiлуi.
Оның айтуынша, әр он танымал адам 3-4 таным ал әкеден, 4-5 танымал
ағадан, 5-6 баладан келiп отырады.Ол психологияның дарындылықты
жетiлдiру саласына зор үлес қосқан ғалым. Ол осы ғылымға ағылшын
тiлiнiң test- проба – тексеру сөзiн енгiзген ғалым. Оның енбегi
(1884 ж). – дарындылық денгейi. Ол көздiң өткiрлiгi мен есту
қабiлетiн ашу болды. Маңызды жетiстiк терiнiң бiрi –
дарындылықты танып бiлу жұмыстарында Гаусс — Лапласты
ұзындықтардың таралу заңдылықтары тәсiлiн қолдауы. Оның
жұмыстарының қортындысы бойынша жоғары дарынды адамдар қарапайым
адамдардан өте биiкте, алшақта деп тұжырымдады. Ф. Гальтонның
зерттеулерiне француз психологы Альферд Бине баланың қабiлеттерiн
анықтауға әдiстер ойлап тапқан ғалым, қарама-қарсы дәлелдер келтiрдi. Ол
ұрыққуалаушылық пен балаға әсер етушi қоғамды зерттедi. Ол
баланың ойда сақтау қабiлетiн, елестету, құрастыру мен қоғамдық
тәжiрбиелердi қабылдау механизiмдерiн, яғни сөздердiң мағаналаларын
бiлiу, жағдайларға өзiнше мағана беруiн салыстырды. Оның тестерiн
тақырыптары – бiр жүйе болды-ол логика лық ойлау қабiлетiн бiлу болды. А.
И. Савенковтың айтуынша олар 2-де ой қабiлеттерiнiң денгейiне басты
назар аударған. А.Бине психология ғылымына ой жасы және
хронология жасы деген ұғымды енгiздi. Олардың мағаналалары бiр-
бiрiнен мүлдем алшақ, 1-шiсi дарындылықтың денгейi болса 2-шiсi
керiсiнше ой қабiлеттiнiң жетiлмеуi. Шет ел психологиялық
әдебиеттерiнде дарындылықты интеллектпен ұқсастырса, С. А. Рубинштейн
былай дйдi:( дарындылық ұғымына адамның барлық қасиеттерiмен қоса,
эмоциалық, қабылдағыштығын, темпераментiлгiн, басқа да жұмыс iстеу
жылдамдықтарын қосу қажет дедi. Жалпы дарындылық пен арнайы
дарындылықтың арасында көптеген даулар туындады. Э. Тордайктың
айтуынша жалпылама дарындылықтың болуы мүмкiн емес, тек арнайы
дарындылық болады десе ,Ч. Спирмен,Ч. Штерн, А.Пьерондая жалпылама
дарындылықтың болуы мүнкiндiктерiн растап, оларды арнайы дарындылыққа
қарсы қойды. Мысалы, Ч. Спирме дарындылықты – арнайы орталық ми
жүйесiнiң қызымет яғни ол биология жолымен бекiтiлген құбылыс деп
бiлдi. Интеллекттiң теориялық модельдерi мен әдiстерiн жүзеге
асырғандар. Л. Термен, 1916: Р. Мейли, 1928, Дж. Равен. и Л. Пенроуз 1936:
Р. Амтхауэр , 1953: Р. Кеттелл, 1958, және тағы басқалар Осы
көзқарастармен қатар тағы да бiр интеллек дарындылығында көзқарас
болды-ол 8-жастағы геноттиптiк бағыттың бекiнуi болды. Сондықтан да
интеллек коэфиценттiк қанша нақты өлшесе де ол адам интелектiк
жұмысының ұзақ мерзiмдi көрсеткiш болып келедi. (Мюллер.Г,
Мюнстерберг. Г Трондайк. Э,Штерн. В, Эббизгауз. Э, т.б) Сол бағыттағы
ғалымдар ой қабiлеттерiнiң коэфиценттерiн анықтайтын методикаларды
дайындай бастады. Сонымен ХХ – ғ. ортасына дейiн дарындылықты тек
қана тестер әдiсiмен жүргiзiп отырды. Бiрақ бұл әдiс-тәсiл көптеген
айтысты тудырып тұрды. Көптеген жақсы көрсеткiштерге жету үшiн бұл
бiр әдiстiң аздығын түсiнген ғалымдар дарындылықты -тек интеллек
қана деп қарамай, психикалық күрделi құбылыс деп зерттеулерiн бастады.
50 ж-бастап интеллектi ысырылып, преативтiлiк жүйесiмен қарай бастады
[5.8, 15 ]. Ең 1-шi зерттеушiлердiң бiрi америкалық педагок П. Торренс
болды. Ол өзiнiң оқушыларын тексере келе мынандай қағиданы
келтiрдi: жоғары көрсеткiштерге тек жақсы оқитын оқушылар ғана ие
бола бермейдi, интеллектi жоғары оқушылар өте көп. Сондықтанда бұл
көрсеткiштер өте аз деп, преативтi әдiстердi қолдана бастады. Дарынды
балаларды зерттеген ғалымның ең танымалысы Дж. Рензулли.
1. Бұл ортадан жоғары арнайы және жалпы баланың қабiлеттiлiгi.
2. Жоғары деңгей.
3. Креативтiк жоғары деңгей.
Оның ойынша дарынды балалар осы аталған қасиеттерге ие немесе
Осыларды дамытуға өте икемдi. Оның ойынша, аталған 3 қасиеттерге
балаларды ғана дарынды да қалғандары мүлдем дарынсыз деуден аулақ болды.
Керiсiнше , 1 қасиетке де ие болса дарындының қатарына жатқызуға
болатындығын атап көрсеттi. Д.ж. Рензулли енгiзген модельдер –
қазiргi модельдердiң де қатарында. Бiрақ Д. Фельдхусен дарынды
баланың маманына оның үлгiсiне я- концепцияны және өз-өзiн мақтау
қасиеттерiнiң қосыуын айтты.
Яғни ой-өрiсiнiң өзiн жетiлiуiне ғана мән бермей, баланың талпынысының
жоғары болуын қадағалау керек дедi. Өзiнiң 12 — 15 жасар 772
жеткiншiктерге өзiнiң зерттеулерiн Галант ғалымы Ф. Моннс, Дж.
Рензуллидiң 3 әдiсiне тағы 3 Ұшбұрыш тәсiлiн қосу керектiгiн айтты.
Ол отбасы, мектеп және өзiнiң қатарлары. 1972 жылы Ақш-та бiлiм бөлiмiмен
дарынды балаларға мынандай ұғым бердi: дарынды балалар деп –
кәсiби дайындалған маманның зерттеуiмен аталған балаларды ғана атап,
оларға мектеп бағдарламасынан тыс айрықша дайындалған бағдарламаны
оқытып, оларды болашақта қоғамға өз үлесттерiн қосатындай етiп
тәрбиелеуiмiз қажет. Үлкен дәрежеге ие балалар, оларды бiрденен
көрсетпей, уақыт келесi қайсiбiр болмасын салада көрсету мүмкiн. Ол:
-жалпы ой дәрежесiң қабiлетi:
-нақты академиалық қабiлетi :
-творчестволық ой қабiлетi :
-лидерлiк қабiлет :
-орындаушылық жән елестету қабiлетi :
-психомоторлық қабiлеттiлiк .
Дарындылық проблемасымен В.Н.Дружинин де айналысқан. Ол 3 позицияны
көрсетедi:
1 Осы түсiнiктердi бөлiп-жарып қарауда.
2 Интеллект пен креативтiҢ арасында қарым — қатынас бар. Оның
ойынша бөле алмайды.
3 интеллект және креативтi тәуелсiз ұғымдар.
Выготский Л. С. өз алдына — дарындылықты абстракты деп қарамай, оқу
жүйесiне көптеген өзгерiстер енгiзуiн қажет дедi. Ол мысал
ретiнде, егер де жазушылық дарындылықты зерттесек — А.Н.Толстой
бiрiншi орынды алып, ал А. П. Чехов орта деңгейлi врач пен
жоғары дәрежелi суретшi болар едi дейдi. Сонымен, жалпы, дарындылық жоқ,
бiрақ әр адамның өзiне ғана лайық,тән қасиеттерi болады- деп тұжырым
шығарды. Алайда бiз бұл тұжырыммен қосыла алмаймыз, себебi
дарындылық тек қана бiр қасиетпен шектелмейдi.Мысалы, Леонардо Да
Винчи -сурет ,мүсiн өнерiмен қатар механика, инжинерия салаларын
да бiрдей алып жүрсе ,А.Грибоедов 11 жасында Мәскеу университетiне
түсiп, 15 жасында философиямен қатар ,филология,заң факультеттерiн
тәмамдаған екен .Л. В. Выготский өзiнiң кейiнгi жұмыстарында
дарындылыққа бас қалай түсiнiк бередi – дарындылық бұл кез-келген
бiр iстi жоға дәрежеде атқару үшiн қолданылатын қабiлеттiктер
жиынтығыдедi. Л.В.Выготскийдiң көзқарасына орыс Қалымдары
С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов та қосылды. Олардың айтуларынша ,-
дарындылық жеке дара психологиялық ерекшелiктер жиынтығы болды.
А.В.Петровский өз алдына бiрiншi қабiлеттiлiкке түсiнiк бердi. Ол —
қабiлеттiлiк адамның психологиялық ерекшелiктерi, бiлiм алу, тану
ұғымдары кiрсе, дарындылықты талант деп бердi. Талант деп осы
қабiлеттiктер жиынтығы, ал олар өз алдына ауыр атқаруға көмектесетiн
құрал –саймандар дедi. Бұл ұғыммен қосылуға болады, себебi
зерттеулерге үңiлсек, кейбiр дарындылардың жастары ұлғая келе ,
қабiлеттерiнiң бiртендеп жоғала бастағанын көремiз. Эльконин Б.Д,.
Давыдов В.В.,Литтес Н.С. зерттеулерiнен –балалардың ми құбылысын
зерттегенде, әр қайсысының жастарына қарай ой өрiсiнiң әрi қарай
дамып , не тоқтап қалғанын байқағанбыз. Бұл бiрдей оқу жүйесiнде
зерттелген. Осыған орай,Н.С.Лейтес былай деген : ерте жаста көрiнген
дарындылық, бала жасы өсе келе тез дамып арасы жақындайды да, сосын
жастың өсу деңгейiмен сезу мүшелерi араласып , баланың өсу
кезеңдерiнде өзгерiстерге ұшырасады. Яғни Н.Н.Ускованың айтуынша, жас
кездегi дарындылық қасиеттерi жасы келе көбейiп,кейiнiрек
жинақталады. Жас баланың дарындылығы уақыт қиындылықтарынан өтедi екен.
Б.М.Теплов мынадай тезис шығарды – талант бұл көпқилы ұғым ,
жалпылама немесе арнайы бiр белгiленген ұғым жоқ,бiрақ дарындылықтың
арнайы жақтары бар.
Дарындылық проблемасы әр уақытта да әр халықтың педагогтарын ойландырған
едi. Я. А. Коменский өзiнiң µлы дидактикасында дарынды балаларға ой
қабiлеттерiне қарай мiнездеме бередi. Бiреулердiң қабiлетi жоғары,
бiреулердiң қабiлетi төмен,бiреулердiкi жұмсақ әрi тiл алғыш , ал
бiреулердiкi қатты және өте тiк. Бiреулер бiлiм алу үшiн оқыса
, бiреулерi жәй баяу және орташа оқиды. Осыдан алтты бақытты
түсiнiк пайда болады:
1.Ерекше ақылды балалар.Ол сабаққа өте ұқыпты және тiл алғыш болады.
2. Ерекше зейiндi,бiрақ өте жәй,баяу. Оларға көп көңiл бөлiнуi тиiс
3.Өте алғыр ,бiрақ бұзық әрi қырсықтау.
4. Өте тiл алғыш және мейiрiмдi, бiрақ баяу , әрi өте бос.
5.Бос оларға бәрiбiр және төмен бiлiмдi оқушылар.
6. Не төмен бiлiмдi және бұзықтығы көп оқушылар .
Балаларда дарындылықтың болуын америкалық педагог Дж.Дъюи де
қоштайды.Ол программитикалықпедагогиканың негiзiн қалады.
Ал, осы күнге дейiн мектеп бiлiмiне тiкелей қатысы бар бiршама
ойлар тастады. Баланы жеке дара оқыту тәжiрибесi – оқыту жүйесiнiң
негiзi деп тұжырымдады ол. Оның ойынша , оқу мақсаты-бала бойындағы
қабiлеттер мен сезiм мүшелерiнiң көрiнiсi iс жүзiнде асуы болды.
Сонымен дарындылық жүйесi ол:
1) дидактикалық материализм – бiлiм көлемiн мейлiнше көбiрек беру ;
2) дидактикалық формализм – оқушының сезу, тану қабiлеттерiнiң дамуы.
Дидактикалық формализмдi жақтаушылар ежелгi дәуiрде де болған.Олар
Гераклит пен Цицерон ,И. Г. Песталоцци , А. Дистверг.
Бiрақ бұл теорияның екеуi де қазiргi заман жүйесiне мүлдем сәйкес
келмейтiн едi,сөйтiп орыс педагогы К. Д. Ушинскиймен сыналып, мектеп
тек адам мүшелерiн дамыту үшiн ғана емес , ең маңыздысы оқушыларды
бiлiммен қамтамасыз ететiн мекеме дедi.
Қазақстанның педагогтарын,ғалымдарын да осы сауалдар көптеп
ойландырған.
Қазақстанның атақты педагогыД.Л.Ивановтың айтуынша, оқушылардың қабiлеттерi
iс жүзiнде ашылады.Өзiнiң Мектеп жасына дейiнгi тәрбие атты
мақаласында ол былай дейдi : Бала сурет салып отырғанда оның көру
қабiлетiнiң деңгейiн көрсетедi,яғни қандай ерекшелiкке көңiл аударатынын
байқап,қандай даму процесiне көңiл бөлiну қажеттiгiн байқайсыз.
А.Диваев баланың дарындылығын отбасыда алыну қажеттiлiгiнайтты.Оны ойы
арқылы iске асырып,баланы қадағалау арқылы баланың икемдiлiгiн
байқап,соған байланысты әрi қарай дамыту жұмыстарын жүргiзген абзал
дедi. Белгiлi педагог Н. Құлжанованың еңбегiнде балардың ақыл ой
деңгейiнiң әр-түрлiлiгi анықталды. Егер де баланың қоршаған ортасы
,денсаулығы жақсы болса,кез-келген баланы сурет салуға, шахматта ойнауға
және ән айтуға үйретуге болады- дейдi.
Мектептерде дарындылықты ашуға зор үлесiн қосқанның бiреуi-Қ.Сәтбаев
болды.Ол мектеп бүкiл бастаулардың бастаулары, бұдан оқушылар тек
цехтар мен далаларға емес, ғалымдардың лаборияторияларына да
апаратын жол,осы жерден жаңа Менделеев пен Ломоносовтар шығады.Қазiргi
балалар –бiздiң болашағымыз екенiнi естен шығармауымыз қажет,
оларға мектепте өздерiнiң мүмкiндiктерiн толық аша алатындай етiп
жасауымыз қажет дедi.Белгiлi қазақ психологы С.Балаубаев баланың
бойында тығылып жатқан қасиеттердi ашу,алғашқы күннен бастап-ақ
оқытушының ең маңызды мiндетiнiң бiрi.Оқытушы әр оқушыға жеке-жеке
көңiл бөлiп,әр оқушының осал не күштi жақтарын жетiк бiлiп , онымен
жұмыс iстеуi тиiс дедi.
Алғаш рет Қазақстанда С. Балаубавпен қиын және дарынды балаларды
бағалау методикасының қажеттiгi жайында сөз қозғалды: бiз осы уақытқа
дейiн осы балаларға қолданатын нақты тексеруденөткен , әрi қазақ
тiлiнде әдiс-тәсiлдердiң аздығын ескерiп, назарымызды балалардың ақыл
ой-өрiсiн саралайтын тесттерге мән беруi қажетiлiгiн
айтты.Дарындылықтың белгiлi бiр түрлерiне назар аударсақ, Ш.Альжанов
өзiнiң әдеби сөздiң бастауыш мектептердегi орны мен маңызы деген
еңбегiнде — балалардың шешендiк және әдебиеттiк дарындылығы бар
оқушыларды суреттейдi. Онда ол оқушылар сан алуан — бiреулерi
әдебиет туындыларын жаттауға бейiм болса, кейбiреулерiнiң ақындылық
өнерi байқалды. Соны оқытушы байқап өзiнiң оқытушылық және тәрбие
жұмысында жүзеге асырып, сабақтан тыс үйiрмелердi көптеп ұйымдастыруы
қажет (сахналық ойындар, пьессалар,өлеҢ жазу және т.б.).
Ән өнерiне еңбегi сiңген академик,профессор А.Қ.Жұбанов өнер жағынан
дарынды балаларға арналған еңбектерiнде :өнердiң iшiндегi ең қиыны
— бұл музыка , себебi оған аса дарындылық , сезiмталдылық қажет.
1999 жылы дарынды балалар Ресей елбасының концепциясын
мектептерде қолдана бастады. Онда А. И. Савенновтың айтуынша ,бүкiл
шетел мен өз елiмiздiҢ үлгiлерi бар. Ал оның ең маңыздысы дарынды
балаларды екi аспектiмен зерттеуге мүмкiндiк бередi: iстей аламын
және iстегiм,бiлгiм келедi.
1.3. Дарынды балаларды ашу жұмыстарындағы теориялық және қолданбалы
аспектiлер.
Дарынды балаларды тауып ашу ойын бiрiнiшi болып Конфуцций
айтып, ежелгi қытай әлемiнде зерттеулерде бiрiншi болып
жүргiзiле бастады. Ежелгi грек философы Платон да дарынды
балаларды үкiмет қажеттiлiгiнiң сұранысына қарай оқытулығын
мақұлдаған екен, осыдан бiз дарынды балалардың тарихының ежелден
басталғанын байқаймыз.
Қазiргi қоғамда екi көзқарас орын алуда :
1. Е.И.Щебланованың ойынша [71,32б] : Оқу орындарында алды мен арнайы
бағдарламаларды дайындап алып,оқушыларға емес мемлекетке пайдалы
жағын дарындату, ал екiншiсi А.М. Матюшкиннiң айтуынша ,[72,5-9б]
Педагогтар мен ата-аналардың балаларға түсетiн ауырлықты ойламай,
мiндеттi түрде балаларын дарынды ету. Осыдан келiп, қолданбалы
аспектiлердiң арқасында қолдан жасалған дарынды балалардың
денсаулығы қатты зиян шегiп, шын мәнiнiдегi дарынды балаларға керек
арнайы жағдайларға көңiл ойдағыдай бөлiнбей қалып,болашақта
қоғам оған керек мөлшерде көмек берiлмейдi.
В. Д. Шадрикованың ойынша дарынды деген көпмағыналы сөз . Ол:
— ой- өрiсi дамуының көрсеткiшi.
— ойлау қабiлетiнiң ерекше дамуы.
— жоғары академиялық үлгерiмi .
— ортақ (оқу, ойлау қабiлетi, зейiн, ой-өрiсi) және арнайы (музыкаға, шет
тiлдерiне,математикаға,сурет, поэзия т.б.) мүмкiндiктерге ерекше
икемдiлiгi.
— лидерлiкке ұмтылысы
— ерекше қызығушылық және алдына қойған мақсаттарын iске асыра
алушылығы.Көп ғалымдар дарындылықтың ұғымына болған дәрежелерге ғана
емес, болашақтағы баланың мүмкiндiктерiне назар аударуда. Н.С.Лейтес
көпжылдық зерттеулерiнiң нәтижесiнiң қорытынсы дарындылық тек жас
өлшемдiлiгiмен белгiленедi , оның болашақта да дарынды болуына бiз кепiл
бере алмаймыз деген ойды айтты. Ал лонгюдиттiк зерттеу әдiсiн
қолданған зерттеушi (Г. Трост, В. Терман, Н. А .Келлер) дарынды
бабалды топ-топқа бөлiп мынадай тұжырымды айтуда: дарындылық критериi
– жалғыз критерий емес – ол көптүрлi дарындылықты еш уақытты
бiр ғана жақты деуге болмайды дейдi.
Соңғы он жылда көптеген зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп, дарынды
балаларға жүргiзiлiп отырған оқыту жүйелерiне жаңадан қарау
керектiгiн айтты. Дарынды балаларды қазiргi кезде көптiгiн ескерiп
, оларға ерекше құбылыс деп қарамай,ортақ мектептiк бағдарлама
қажетттiгiн айтып отыр. Сондықтан да дарынды балалар
ерекшклiктерiн , мүмкiндiктерiн ескерiп жаңашыл әдiстер, тәсiлдердiң
керектiгiне дабыл қағуда .
М. А. Холоднаяның ойынша [24,63 б] бiрiншi жаңашыл әдiстер мен
тәсiлдердi жасау үшiн , дарындылықтың табиғатын түсiнiп ,бағдарламаларға
сүйенiш болатын теориялық негiз қажет. Сондықтан да ол осы
психикалық құбылыстың негiзгi мынадай арнайы бөлiмдерiн көрсетiп
отыр:
— бала кезегi дарындылық жас ұлғаюының заңдылық көрсеткiшi;
— дарындылықтың өшуi баламен отбасы, мәдени тәртiп шараларының нормаларын
игерумен байланысты;
— бала дарындылығы психикалық дамуға байланысты.
— бала дарындылығы бөлек мүмкiндiктердiң қосындысы емес, жүйелi
қаситтер.
— бала дарындылығы мәдениетке және қоғамға тiкелей байланысты.
— бала дарындылығының белгiсiнiң сан- алуандылығы, белгiлi бiр
дарындылықтың түрiне байланысты.
Дарынды балалар концепциясында дарындылықтың табиғатын қарастыруда:
1. инструментальды тапсырмадан тыс орындау, өз бетiнше орындау
2. мотивациялық ( танушылық қасиетiнiң жоғары болуы жаңа және
таңғажайып нәрселердi бiлу ,өз бетiнше заттарды ойлап табу ).
Бұл екеуi бiр-бiрiмен тығыз қатынаста(А. В. Бабаева ,Д. Б.
Богоявленская ,А. В. Брушлинский, В.Н.Дружинин, И.И. Ильясов, Н.С.Лейтес ,
А.М. Матюшкин ,В. И .Панов , М.А.Холодная, В. Д.Шадриков, Н.Б. Шумакова
,В.С. Юркевич ). Осы бөлiктердi анықтайтын әдiстер:
1. Баланың iс-әрекеттерiне қарай әдiстердi таңдап алу ;
2. Баланың икемдiлiгiн анықтау жүйесiнiң ұзақтығы;
3. Баланың бейiмдiлiгiне қарай iс-әрекетiн байқау;
4. Дамыту тренингтерiн енгiзу;
5. Жоғары деңгейлi кәсiби мамандардың бағаларына көңiл
аударып,бiрлесiп жұмыс iстеу;
6. Ең жақын уақытта мүмкiншiлiгiн дамытуды жасау;
7. Психологиялық болжамның экономикалық әдiстерiн қолдау.
Екiнiшке орай, оқыту жүйесiнде баланы интеллектiк дамытуға ғана
назар аударылады- ол психометриялық тесттер арқылы iске асырылып,
ол тек белгiлi бiр интеллектуалды қабiлетiн ғана зерттеп,тиiстi
мөлшерде дарындылықты толық ашуға мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен, психометриялық тесттер бұл дарынды балаларды зерттеудiң сан-алуан
түрiнiң тек бiр ғана екен.
Жоғарыда аталып өткендей, өз зерттеушiлерiмiз тесттерден гөрi, дарынды
балаларды анықтауда комплекстi жүйенi мақұлдайды. Ол мынадай көптеген
әдiстердiң қолдануымен жүзеге асырылады :
— балаларды бақылау әдiсiнiң нұсқасы;
— арнайы психоболжам тренингi;
— бала мiнезiн бақылау әдiсi:
— арнайы бағдарламамен ұсынылған байқау сабақтарын жүргiзу;
— творчестволық деңгейiн бағалау әдiсi;
— интеллектуалды iс — шараларды ұйымдастырып,өткiзi (пән олимпиадасын,
сайыстар, көрсетiлiмдер, конференциялар, фестивальдар т.б.).
— психоболжам әдiсiн вариативтiк әдiсi арқылы өткiзу .
Бiрақ, зерттеушiлер бұл әдiстiң де толық 100% дарынды балалардың
қасиеттерiн анықтауға мүмкiндiк беретiнiн айтты. Баланы дарынды деп
бағалау бiр мақсатта емес, дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу
жүйесiнде, әрi психологиялық көмек берудi көздеуi қажет. Басқаша
айтқанда, бала дарындылығын анықтау, таңдау қорытысын емес , одан
даму болжамына ауысу керектiгiн ойлау қажет дедi (В.И.Панов) .
Бұл жұмыс тек психологиялық тесттермен емес, басты қорытындысына
жету жүгi оқытушының мойнында ( Н.Ю.Синягина, Е.Г.Чирковская) .
Даму деңгейiнiң және адамға тән ерекшелiктердiң көрсеткiш
терiне :өз-өзiн бағалау, эгоцентризм, әзiрлiк көрсету ,
эмоциональдылық, еркiндiлiк, өз-өзiн бағалау мүмкiндiлiгi.
Осы аталған мiнездемелердiң әрқайсысы әр балада мына деңгейлермен
бағаланады:
— орта деңгейiнен төмендеу, аз көлемде көрiнсе;
— орташа деңгей бiрде көрiнiп, бiрде жоғалып кетедi:
— ортадан жоғары денгей- мҰнкiндiктерi сәл жиiлесе:
— жоғары деңгей- мүмкiндiгi барлық жағдайда көрiнсе .
Баланың қай салаға көбiрек икемдеуiн С. А. Ледневаның зерттеуiнше,
педагог мына мiнездемелерге сүйене жетпек :
— жеке адамға тән қасиеттер ортасы ;
— қорытындысымен емес, жұмыстың тақырыбына көңiл бөлу;
— талаптылық ;
— iске ой тастау;
— танысу ортасы;
— жаңа бiлiм мен ойларға ұмтылыс;
— қорытынды жасап оның өз iс әрекетiнде қолдана бiлу;
— қиялдау, ойлап табу қасиетi;
— қарым- қатынас жасау ортасы ;
— өз көз қарасын дәлелдей бiлу ;
— басқа балалармен жарысу құлшынысы;
— балаларды ұйымдастыра бiлу- ұжымдастыру қабiлетi.
Мамандар балалар қабiлеттiктерiн әр сабақта танып-бiлiп ,олардың
көптiгiн айтады,бiрақ психологтар олардың iшiнен ең негiзгiсi деп
— есте сақтау, зейiн, қабылдау, ойлау, қиялдау қасиет айтты. Ендi осы
қасиеттерге жеке – жеке тоқтасақ :
Есте сақтау дегенiмiз — хабарды ұзақ уақытта есте сақтау.
Зейiн – баланың бiр затқа көңiл бөлуi.
Талдау қасиетi- баланың хабарды тез оқуы мен саралауы.
Ой өнiмдiлiгi- проблемалары шеше бiлу қасиетi .
Талаптылық- баланың жетiстiкке жетуге қызығушылығының артуы.
Алғыр ойлылығы — баланың қозғалысы.
Өзiндiк ерекше ойлау – тез арада жаңашыл ойды туындатуы ,
ешкiмге ұқсамас қимыл –әрекеттер келтiруi.
Талаптылық –баланың жетiстiкке жетуге қызығушылығы, талаптануы.
Жоғарыда аталған қасиеттердiң қатарына: болжай бiлу, iс- әрекеттiң
нәтижесiн бiлу, жаңа ойларды тудыру, әрдайым сабаққа қызығушылығын
танытып сұрақтар қойып отыру сияқты қасиеттерiмен толықтыруға болады.
Бiз әдейiлеп арнайы қасиеттердi мiнездеуге тоқталмай отыр мыз,
себебi олардың әр — қаисысы бiр — бiрiне ұқсамайды және олар
жалпы бiлiм беру саласында да әр — түрлi байқалады (мысалы,
әдеби дарындылық, техникалық дарындылық ). 1962 жылы Б. Г. Ананьев
[75,18-19б] дарындылықтың арнайы қабiлеттерiн табу – дұрыс емес ,
одан жалпы дарындылық құбылысы зиян шегедi деп ойлап , осындай
зерттеулерге қарсы шыққан екен.
Қортындылай келе айтқымыздың келетiнi-дарындылық проблемасы педагогикада
да, психологияда да пiкiр -таласты туғызуда.
Қазiргi кезде , зерттеудi аса қажет етiп отырған екi бағыт бар:
1. Дарындылықты өлшеу және табу бағыты;
2. Дарынды балаларға арналған әдiстердiң жаңаланып, толықты
рылғандығы.
1. 4 Дарынды балаларды оқытуға арналған негiзгi амалдар.
Амал сөзi латын тiлiнен шыққан, ол негiз, бiрнәрсенiң басы
деген мағнаны бередi. Амал- бұл тәжiрибедегi теорианың iске асуы.
Бiлiм саласында амалдың атқаратын қызыметтiң негiзгi бiршама тобы
бар: бiлiм саласындағы мемлекеттiң саясаты , метадологияның
тәсiлдiк, психологиялық, оқытушылық жүйедегi оқыту амалдары.
Оқыту жүйесi мен оқыттушылық жұмысының жоспарында психологиялық
амалдың орны аса маңызды [77,78,79,80,81,82, ]
Ал, келесi топта педагогикалық жүйенiң амалдары — бұл бұрыннан келе
жатқан, әрi iс жүзiнде тексерiлген амалдар.
Амалдардың педагогикалық жүйеде жүзеге асарылуына үлкен үлесiн
қосқандар — И. Гербарт, А. Дистервег, Я. А. Коменский, И.Г.
Песталоцци, К. Д. Ушинскйи, және оның iз кесушiлерi болды.
Үлкен назар аударылды өз жұмыстарында ұлы ағартушы мен педагог
Жүсiпбек Аймауытовпен. Оның ойынша адам -бұл жоғары дәрежедегi
табиғи жаратылыс.Ол дүниеге шыр етiп келген сәттен — ақ бiр
кәсiптi игеруге дағдыланған , икемi күштi, жетiк. Яғни әркiмнiң өз
икемдiлiгi мен дарындылығы бар- бiреуi- бiлiмге, бiреуi-етiк тiгуге,
екiншiсi- мал бағуға, Үшiншiсi саясатқа ,билiкке құштар болса ,
кейбiреуi- саудаға бейiм болып келетiнiн байқаймыз [35,17 б]. Сонымен,
адамдардың әуелден – ақ дарындылықтары байқалып , мектептiң ролiн
де шығарып көрсеткендей. Сондықтан да, мектептiң ролi өте үлкен,
сол мектепте баланың бiлiмге, творчествоға деген сүйiспеншiлiгi мен
құштарлығы оянуы керек мекеме . Оқытушының нақ өзi -балалардың
осындай қасиеттерiн тудырушы әрi iске асырушы.
Егер де ол өзiнiң оқушыларын жақсы бiлетiн болса , сабақ
үстiнде де , сабақтан тыс уақытта да баланың дарындылығын дамыту
жұмыстарын жүргiзуi тиiс [ 35,28 бет].
Бiздiң ойымызша, Ж.Аймауытовтың сөздерiнiң зор мағыналылығы – ол дарынды
балалармен жұмыс iстеудегi зор Үлестi, күштi оқытушыдан күтуiнде .Ол
Оқытушының қандай қасиетiн дамытсаң , соны Қана күтуге болады
, қарапайым тiлмен айтқанда, не ексең соны аласың деген [35,29
б]. Оның осы соңғы сөздерiн қоштайтын ұлы қазақ педагогы М.
Жұмабаев.
Ол Оқытушы өзiнiң оқушыларына басымен жауапты. Егер де баланың
денсаулығы әлсiз болса . оған оқушының өзi жауапты, ал егер де
бiлiмi әлсiз ,нашар болса, онда оған қарамаған,көңiл бөлмеген,осал
жерлерiн уақытында дамытпаған әрине оқытушы кiнәлi деген екен [
36,299 б].
КомпоЖеке қызығушылықтар Мазмұндылығы Жүйелiлiгi
нент
тер
Көр Творчестволық және Бiлiмнiң Сөйлей бiлу қасиетi
сет тану жұмыстарына -көлемi -антонимдер,
кiш қызы -сұранысы -сөйлей бiлу
тер ғушылық: бағдарламаның. қабiлетiнiң еркiндiгi
— қызығушылық
саласы, дәрежесi, Ой өрiсi деңгейi. Бiлу, тану қасиетi
көлемi. немесе мүмкiндiгi.
Оқуға деген
көзқарасы.
-тыныш отыруы; Бiлiм салаларының Оқу жылдамдығы;
-рефлекстерiнiң түрлерiн түсiнуi: орфографиялық
жүзеге асырылуы; -әдебиеттi, әндi, қатесiздiгi, санай
-бiлiмге экономиканы, бiлу қабiлетi.
құштарлығы; саясатты, спортты.
-творчестволық
iзденiсi.
Эмоциональдiлiгi бiр бағыттағы терең
-өз мүмкiндiктерiн бiлiмi;
қолдай бiлудiң -әдебиетте, әнде,
қуанышы; экономикада, саясатта
-өз-өзiне деген және т.б
сыны;
-жоғары дәрежелi
жетiстiкке жету
мақсаты.
Көзқарасы:
-қоршаған ортадағы
болып жатқан
шынайылықты түсiнуi;
-құндылықтар
жетiстiгiн бiлуi.
1.5. Қарағанды қаласының мектептерiнiң бастауыш сынып дарынды
оқушыларын дамыту жұмыстарына талдау.
Дарындылық философиялық , психолого-педагогикалық жақтарын
зерттегенде осы проблеманың өзектiлiгiн тағы да бiр еске түсiретiндей.
ҚР-ның Бiлiм туралы заңының бiлiм атты мемлекеттiк бағдарламасында
— қазiргi бiлiм жүйесiне дарынды балаларға арналған бағыт-бағдар
берiлген. Қарағанды қаласының мектептерiмен жүргiзiлiп отырған iс —
тәжiрибелерiн зерттеудi жөн көрiп, № 54, 59, 56, 49, 101 мектептердi
назарға алдық. Ол мектептерде оқушылардың жеке қасиеттерiн
дамыту жолында қазiргi заман құралдарын қолдануда. Мысалы, №82
мектепте С. И. Лысенкованың тездетiлген перспективалық, Д.Б.
Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыту жүйесi мен оқыту және
дифференцализациялау, жеке, даралау әдiс технологияларын қолдануда.№56
мектептiң мақсаты –жеке дара жұмыстарын барлық оқу шылардың бiлiмiнiң
теңестiрiлуiнде. Мектеп әкiмшiлiгi мен оқутушылар оқушылардың ойлау
қабiлеттерiн дамыту жолдары тауып, оларды жүзеге асыру жұмыстарын
жүзеге асыру жұмыстарын қосымша факультативтiк , жеке-жеке әр
оқушыға бөлек сабақтарды жүргiзу арқылы iске асыруда. Бiрақ, мектеп
төрағасының айтуынша , бұл жұмыстың түрi жарым- жартылай жасалу да,
себебi ата — аналар жағынан көмек күтiлген денгейде берiлмеуде. №49
орта мектептiң оқытушылары бұл проблеманың шешуiн оқу және
оқудан тыс уақыттағы жоғары дәрежедегi оқу жүйесi құралы арқылы
қол жеткiзуде. Ол мектепте дарынды балдармен қоса, үлгерiмi нашар
оқушыларды топтап және жеке сабақ өткiздi. Ал, №44 орта мектептiң
педагогикалық жүйесiнде оқудағы дифференциалдың бағдардың даму
-мәселесiн шешуде, ол бастауыш сыныптарда ой қабiлеттерi мен тану
қызығушылықтарының дамуына қолайлы жағдайлар жасалған.
Осындай оқыту жүйесi №48 орта мектепте де жүргiзiлуде. Олар дамыған
оқыту жүйесiнiң ой қабiлеттерiнiң өсуiне тигiзетiн әсерi атты
педагогикалық оқу жүргiзiп, басқа да оқытушы мамандармен iс –
тәжiрибелерiмен бөлiскен.
Дарынды балалардың проблемасы № 87 мектепте қарастырылуда.Бұл мектепте
бағалау негiзiнде оқыту жүйесiндегi жеке дара бағыт бағдарлар атты
тақырып ұсынылып, Е. В. Соколовамен бастауыш сыныптарда осы
сұрақ зерттелуде. Бұл жерде нашар және жақсы оқитын оқушыларға
бiрдей назар аударылып, үлгерiмнiң орта денгейiнiң себебiн
iздеуде. Олардың ойынша , бiр жағынан, ата … жалғасы