Эпидемиологтар Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Отандық ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс деген пікірде. Өйткені Қазақстанды коронавирустың екінші толқыны күтіп тұр
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Коронавирустың екінші толқыны күзде басталады деп болжанып отыр, ал Қазақстанда ол тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келеді. Отандық эпидемиолог ғалымдар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен бейнеконференция барысында осындай болжам жасады, деп хабарлады «Еуразия» бірінші арнасы.
Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі
Сарапшылардың пікірінше, тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс, бұл өте маңызды.
«Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ, дегенмен маусымдық – бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Індет жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр», — деді Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.
Қазақстандық ғалымдар COVID-19 инфекциясын зерттеу үшін биоматериал банкін құруды сұрады.
Кездесуде Елжан Біртанов Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылуы мүмкін екенін айтты.
sputniknews.kz