Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2020/04/13614315.jpg)
Шымкентте індеттен төртінші адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, марқұм 1968 жылы дүниеге келген
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Марқұм 1968 жылы дүниеге келген.
Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирустан көз жұмған әйел туралы ақпарат шықты
Осылайша індеттен қайтыс болғандардың саны 21 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 2,
- Алматы қаласы – 6,
- Шымкент қаласы – 4,
- Ақмола облысы – 4,
- Шығыс Қазақстан облысы – 1,
- Қарағанды облысы – 1,
- Қостанай облысы – 1,
- Павлодар облысы – 1,
- Түркістан облысы – 1.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда инфекцияны 2289 адам жұқтырды, оның 560-ы жазылып шықты.
sputniknews.kz