Тараз ауруханасындағы оқиғаның себебі белгілі болды

0

Ер адамнан алынған коронавирус сынағы теріс нәтиже көрсеткен және ол бұрын «созылмалы алкоголизм» диагнозымен есепте тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Таразда ер адам аурухананың екінші қабатында орналасқан терезеден құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға сәрсенбі күні болған. Жергілікті полиция бөліміне пациент дәріхана ауруханасынан қашуға тырысып, ғимараттың екінші қабатынан құлады. Есін жимаған күйі қайтыс болды деген хабар түскен.

«Одан алынған COVID-19 нәтижесі теріс нәтиже берді. Ауруханадан қашып кетуге тырысқан 42 жастағы ер адам агрессивті күйде болған. Ол екінші қабаттағы терезеден шығып, асфальтқа құлаған», – деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері марқұмның бұрын бірнеше рет сотталғанын атап өтті. Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін «созылмалы алкоголизм» диагнозымен наркологтың есебінде тұрған.

Оқи отырыңыз: СҚО-дағы трагедия: қыз терезе арқылы үйден жалаң аяқ жүгіріп шыққан

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



sputniknews.kz