Оңтүстік Корея азаматтары өздерін өрттен құтқарған қазақстандықты марапаттау ұсынысымен президентке хат жолдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде 10 адамды құтқарып қалған Қазақстан азаматын мемлекеттік марапатқа ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Али

Белгілі болғандай, төтенше жағдай бір ай бұрын болған, бірақ ол туралы енді айта бастаған. Әлидің өзі ерлік жасадым деп есептемейді, сондықтан ол туралы тіпті туған-туыстарына да айтпаған.

Түркістанның тумасы Әли отбасымен бірге 2017 жылы Ян Ян шипажайлы қалашығына жұмыс іздеп келген. Түркістан қаласында евроремонт жасап, автокөліктерді жөндеген. Бірақ тапсырыстар аз болған, сондықтан Кореяда табыс табуға бел буған.

Кореяда ол бөлме жалдап тұрған. 23 наурыз күні түнгі сағат 11-де түтін иісін сезген. Сөйтсе, Әли тұрған қабатта, оған көрші пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Өрт болған бөлме ішінде әйел қалып қалған. Әли ол бөлменің есігін аша алмай, пәтерге газ құбырымен және телекабельмен өрмелеп шығып, ішіне кірген. Өкінішке қарай, өрт шыққан пәтерде болған әйелді құтқару мүмкін болмады, ол ауруханада көз жұмған. 

Дегенмен, Али басқа көршілерін оятып үлгерген. Олар өз бөлмелерінен аман-есен шыққан. Осылайша қазақстандық бірнеше адамның өмірін сақтап қалған.

«Ішке кіріп, есікті ашып шыққан соң өрт сөндірушілер келді. Жедел жәрдем, бәрі келді. Кәріс әйелді ауруханаға дейін апарды, көмектесті», — деді Әли. 

Сонымен қатар, Әли өрт шыққан кездегі өзінің сезімін сипаттап берді.

«Мен өзімді өліп бара жатқандай сезіндім. Есік ашылмаса, мен қазір өлемін дедім. Көмірқышқыл газынан тұншығамын. Осындай сезім болды. Есікті ашып, бірден жерге жатып, сол жерде дем ала бастадым. Содан кейін ол орнымнан тұрдым, менің ойымша, өрт өте үлкен болды», — деді Әли.

Отандасымыз ерлігі жайлы да, өрт кезінде денесін күйік шалғаны туралы да туыстарына айтпаған. Ол медициналық көмектен бас тартқан, бірақ көршілер оны ауруханаға алып барып, емдеу ақысын төлеген.

«Кеше газетте, интернетте сосын фейсбукте шыққаннан кейін үйдегілер көріп, анам жылап жіберді. Ол білмейтін еді. Көрді. Қолым, құлағым, мойным дәкемен оралған. Жұмыста ондай-ондай болды, құлап түстім дедім», — деді Әли. 

Әли Оңтүстік Кореяда рұқсатсыз жүргендіктен елге оралуы керек. Ол тіпті 1 мамырға жоспарланған рейстен билет алып қойған. Алайда көршілері оның кеткенін қаламайды. Олар, тіпті Корея президентінің атына қазақстандықты марапаттау туралы хат жазды.

«Әли мамыр айында отанына оралуы тиіс еді, бірақ оның Кореяда болуын ұзарта алдық, себебі іділет министрлігіне Әлидің ерлігі туралы мақалалар мен менің президент атына жазған хатым ұсынылды, тағы да құжаттар өткізу қажет. Әзірге оның елде болуын қанша уақытқа созатыны белгісіз, бірақ мен ол визаны ғана емес, сонымен қатар тұруға ықтиярхатты алып, бізбен жақсы көрші ретінде өмір сүргенімізді қалаймын», — деді Әлидің көршісі Чан Сон Ок. 

Айта кетейік, Түркістан қаласында Әлиді әйелі, алты жасар ұлы және бір жасар қызы күтіп тұр. Әли екінші баласын әлі көрмеген. Соныдқтан ол мамыр айында елге қайтып, отбасымен біраз уақыт бірге болуды қалайды. Ал сосын Кореяға қайтадан келуді жоспарлап отыр.

 

 

 

stan.kz