Коронавирусқа шалдыққандардың саны 65 адамға көбейді
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 2135 адамға жетті, оның 404-і Нұр-Сұлтан, 732-сі Алматы қаласында
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 65 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі
«Алматы қаласында – 18, Жамбыл облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Түркістан облысында — 2, Шымкент қаласында — 28, Маңғыстау облысында — 2, Батыс Қазақстан облысында — 4, Қостанай облысында -1, Қызылорда облысында — 6, Нұр-Сұлтан қаласы — 1, Павлодар облысында – 1 адам тіркелді», — делінген хабарламада.
Осылайша індетті жұқтырғандардың саны 2135 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 404,
- Алматы қаласы – 732,
- Шымкент қаласы – 131,
- Ақмола облысы – 83,
- Ақтөбе облысы – 27,
- Алматы облысы – 62,
- Атырау облысы – 82,
- Шығыс Қазақстан облысы – 12,
- Жамбыл облысы – 77,
- Батыс Қазақстан облысы – 76,
- Қарағанды облысы – 102,
- Қостанай облысы – 35,
- Қызылорда облысы – 157,
- Маңғыстау облысы – 18,
- Павлодар облысы – 38,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Түркістан облысы – 69.
Соңғы мәлімет бойынша 515 адам жазылып шығып, 19 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz