Қорқыт мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енді

0
29 Қараша 2018, 18:30 315 0

Астана, BAQ.KZ. ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне Қорқыт ата мұрасы — эпосы, халық аңыз-әңгімелері мен музыкасын Әзербайжан, Қазақстан және Түркия атынан тіркеді.

ЮНЕСКО Қорқыт атаның «12 қаһармандық аңыз-әңгімелер және 13 күйден тұратын эпостық мәдени мұрасы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіліп отырғанын» айтады. Қорқыт ата аңыз-әңгімелерінде ойшыл, жырау, күйші қобызшы ретінде көрінеді. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра саналатын «Қорқыт ата» кітабында түркі тілдес тайпалардың тарихы мен мәдениетіне қатысты мол дерек бар.

ЮНЕСКО бұған дейін Қазақстан атынан 2016 жылы қазақ күресін, 2015 жылы айтысты Қазақстан мен Қырғызстан атынан, 2014 жылы домбырамен күй тарту өнерін Қазақстан атынан, киіз үйді Қазақстан мен Қырғызстан атынан, 2017 жылы асықты Қазақстан атынан тіркеген.

Қазақстан 1999 жылы «Қорқыт ата» кітабының 1300 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өткен.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ