Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасының алты қызметкері коронавирус жұқтырып алды — Қазақстан жаңалықтары
19 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Алматыда 513 адамнан COVID-19 расталды.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі қалада тағы 8 науқас анықталғанын хабарлады.
«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының алты қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бір қызметкері және алдын-ала анықталған адамдармен байланысы бар 1 науқас уақытша ауруханада карантинге жатқызылды», — деп хабарлады департаменттен.
Жалпы алғанда, Алматы облысынан келген науқасты ескере отырып, инфекциялық ауруханаларда коронавирус инфекциясы бойынша 427 адам емделуде.
Үш адамның жағдайы өте ауыр, алты науқастың жағдайы ауыр, 121 науқаст орташа ауырлық дәрежесінде, ал қалғандары қанағаттанарлық күйде. 84 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп шықты. 278 адам уақытша ауруханаларда, 431 адам карантиндік оқшаулауда, 9687 адам үй карантинде жатыр.
stan.kz