Бүгінгі ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді — новости Казахстана
Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауып, жел, жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болса, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Ал Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с болса Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с ұйытқиды.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с екпінмен соғады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болса, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады.