Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті карантин кезінде уақытты барынша тиімді пайдалануға кеңес беріп, кітаптардың тізімін бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қабылдап, қазір оқып жатқан кітаптардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында», — деп жазды Тоқаев Instagram парақшасында.
Мемлекет басшысы алтын уақытты пайдалы істерге жұмсаған жөн деп санайды.
«Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», — деді ол.
Президенттің карантин кезінде оқып жатқан кітаптары мен газет-журналдарының тізімі:
- Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
- Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
- Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
- Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
- Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
- Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
- Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
- Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
- Parag Khanna. The Future is Asian.
- «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan»және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
Тоқаев эстафетаны барша отандасқа, әсіресе, жастарға жолдайтынын айтып, осы әдебиеттерді оқуға кеңес берді.
sputniknews.kz