Танымал қазақ әншісін полиция ұстап әкетті – видео

0

Арман Қоңырбаев елде төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан Алматыдағы лаундж-барда көңіл көтерген

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Танымал қазақ әншісі Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Әртіс түн ортасында Алматының Абай даңғылында орналасқан лаундж-барға барған. Бұл туралы мегаполис полициясы хабарлады.

«Бұл ойын-сауық мекемесі елде төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл бардың есігі айқара ашық тұрмаған: олар тек сенімді клиенттерін ғана кіргізген. Олардың арасында Арман Қоңырбаев та бар болып шықты, ол кінәсін мойындады», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.  

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен әншіге 10 АЕК (27 780 теңге немесе 65 доллар) айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

Он адам, оның ішінде мекеме иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, лаундж-барда қамауға алынған тағы екі адамға айыппұл салынды, қалғандары бес күннен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды.

Арман Қоңырбаев – танымал әнші және актер, 2015 жылы жүргізуші, актриса және әнші Аша Матайға (Ақбота Асқарбекова) үйленді. Ерлі-зайыпты екі қыз тәрбиелеп отыр.  



sputniknews.kz