Үш адам уақытша ұстау изоляторларында коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары
Коронавирус Қазақстандағы уақытша ұстау изоляторларына жетті. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Біздің ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторларында үш жағдай бар: 10 сәуірде Қызылорда облысында Қазалы ауданында, ал Атырау облысында бір оқиға кеше тіркелді», — деді Есмағамбетова.
Сонымен қатар, бұдан бұрын 1984 жылы туған ер адам Ақтөбе облысындағы изоляторлардың бірінде COVID-19 сынағынан өткен. Нәтижесі оң болды.
Жалпы, елде ауру деңгейінің өсуі 15% құрайды. Алайда бірқатар облыстарда 20% -дан 60% -ға дейін ауытқулар байқалады, деп санайды санитарлық дәрігер. Оның айтуынша, бұл әр өңірде енгізілген карантиндік шаралардың тұрақты және қатаң сақталуы қажеттілігін тағы да айғақтайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирустың 1498 жағдайы расталған. Оның ішінде 285 адам індеттен айықты, 17 адам вирустан көз жұмды.
stan.kz